astana-view

Аудиторлар кәсіби кеңеске біріге ме?

2019 жылғы 05 Сәуір
3153 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Ұлан Байжановтың төрағалығымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитетінің отырысында Бірыңғай қадағалау органы моделін таныстырды

Жаңа орган аудит сапасы және мамандыққа кіруге қадағалау жүргізетін төреші қызметін атқарады. ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау департаментінің директоры Арман Бектурованың  айтуынша, кеңес Жария акционерлік қоғамы жұмысына әсер етпейді, алайда салада тәртіп орнатады.

«Нарықта орын алған жағдайға қарайтын болсақ, шағымдар және біліктіліксіз жүргізілген аудиторлық тексерулер саны жылдан жылға артып жатқанын байқаймыз. Қазақстанда жылына 200-ге жуық жаңа маман пайда болуы мүмкін. Әр жария акционерлік қоғамы жаңадан келген мамандарға талаптар қойып, емтихан белгілеуге құқылы. Егер нарық клиенттерінің 85% мақұлдауын алмағанымызда, Кеңесті құруды қолға алмас едік», – деді Арман Бектұрова.

Бірыңғай қадағалаушы орган үкіметтік емес ұйым болады, оның құрамына ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, KASE, Астана халықаралық қаржы орталығы, 5 кәсіби аудиторлық ұйым және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді.

«Көп жағдайда аудиторлар өздеріне өздері тексеру жүргізеді, мұндай жайтқа сапа бақылауын жүргізуде жол берілмеуі керек», – деп атап өтті   Арман Бектұрова.

Осы ретте аудиторлық қызметті лицензиялау және Жария акционерлік қоғамын аккредиттей бұрынғы режимде жүргізіледі. Аталған кеңестің жұмысына жыл сайын 146 млн теңге қажет болмақ. Кәсіби кеңесті Жария акционерлік қоғамы тарапынан құрылатынын ескерсек, кеңестің шығындарын аудиторлық қоғамдастық өз міндетіне алады.

 Өз кезегінде қадағалау органын құру бойынша бастаманы аудиторлық нарықтың барлық субъектісі қолдаған жоқ. Мәселен, Аудиторлардың алқасы, Одағы және Институты қадағалау органын құруға қарсы.

 «Аудиторлардың барлығы бірдей мұндай жаңашылдыққа дайын бола бермейді, көпшілік клиенттерін жоғалтудан қорқады, өйткені жүйе «жергілікті» компанияларды нарықтан ығыстырып жіберуі мүмкін», – деп хабарлады «Аудиторлар алқасы» жария акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Данияр Нұрпейісов.

 Бизнес нарықта орын алған ситуацияға, қолданыстағы жүйенің олқылықтарына және жетілдірілмеген ережелер мен стандарттарға алаңдаулы.

 «Қаржы министрлігі ұсынып отырған модель мінсіз емес. Осы ретте «Атамекен» нарықта мәселе барын көріп отыр, сапасыз шығарылған қорытындылар бар. Бұлай жалғаса бермеуі керек. Министрліктің кеңесті құру бойынша позициясы түсінікті, кез келген олқылыққа қызметті реттеуші жауап береді. Нарықтың басты мақсаты – орын алған проблемаларды шешу. Нарықтың өзінен дәйекті ұсыныстар күтеміз», – деп қорытындылады Комитет төрағасы Ұлан Байжанов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер