astana-view

Бейрезиденттерге салық салу қалай жүргізіледі?

2019 жылғы 05 Сәуір
- Алматы қаласы
4101 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубының қатысушылары халықаралық салық салу мәселелерін талқылады

Кім резидент, ал кім бейрезидент деп саналады? «Бейрезиденттің тұрақты мекемесі»  деген не? Корпоративті табыс салығын резидент еместің табысынан қалай есептеу керек? Халықаралық Конвенцияларды қалай қолдану қажет және егер резидент-компания бейрезидент-компанияға қызмет көрсетсе, қандай салықтық есепті өткізу керек? Осы және басқа да сұрақтарға кәсіпқой бухгалтер, Қазақстан Республикасының аудиторы Дарья Бовшис жауап берді.

 Оның айтуынша, ҚР көзінен кірістер бойынша төлемдерді резиденттер және бейрезиденттер төлейді. Ал ҚР-дан тыс көздерден ҚР-да кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырып отырған, бірақ тұрақты мекеме қызметімен байланысты табыстар бойынша резиденттер және бейрезидентер төлем жасайды.

«Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып – уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер танылады. Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды», – деп нақтылады Дарья Бовшис.

Салықтық тексерулерде салық төлеушілер құқығын іске асыру практикалық мәселелері туралы Алматы қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы, «Tax&InvestmentLawyers» адвокаттар кеңсесінің бас директоры Байрамалы Ахмедов ақпарат берді.

Бухгалтерлер клубының қатысушылары – жеке кәсіпкерлер, жетекшілер және компаниялар бухгалтерлері. Кездесулер ай сайын ҚР Ұлттық кітапхана ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 14. Қатысу тегін, ол үшін электронды форманы мына сілтеме арқылы толтыру қажет.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер