astana-view

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында дауларды реттейтін бітістіру қызметі ашылды

2019 жылғы 05 Сәуір
- Маңғыстау облысы
7519 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау өңірлік филиалындағы құқықтық қызмет көрсету орталығында «Бітістіру рәсімдерінің секторы» ресми түрде ашылды

Ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры  Нұрбек Қарасаев, облыстық соттың судьялары мен медиаторлар  және палата қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада сөз алған Ержан Даулиев:

«Республикада инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін жүргізу құрылды. Бұл бизнес субъектілерінің, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі сот жүйесінің ерекше рөлін көрсетеді. Мұндай дауларды қарау тәртібі жаңа Азаматтық процестік  кодекспен реттеледі. Бүгінгі күні 2019 жылдың 3 айында облыста орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен 235 іс, өткен жылы барлығы 974 азаматтық іс қаралды», – деді.

Бірлескен жұмысты күшейту үшін  «Атамекен» ҰКП мен Жоғарғы Сот арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның маңызы зор. Бірлескен мобильдік  топтар құрылып,  Қазақстанның рейтингтік көрсеткіштерімен жұмыс істеу, заңнаманы жетілдіру, корпоративтік даулар бойынша сот тәжірибесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Маңғыстау облыстық сотында 2017 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының өкілдерімен бизнес-қоғамдастыққа құқықтық түсіндіру жұмысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту саласында ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, салық салуға байланысты туындайтын даулар, сондай-ақ экономиканың банк секторында және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қолға алынды.

Н.Қарасаев кәсіпкерлердің дауларын шешудің тиімді жолын ұсынып, олардың құқықтық сауатын арттыруға мүмкіндік беретін секторды ашқаны үшін соттарға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол шағын бизнесті дамыту және кәсіпкерлер арасындағы жер даулары туралы мәселелерге де тоқталды.

Заңдар мен сот рәсімдерін түсінуге ықпал ететін тараптар қызметінің конструктивтілігі, ашықтығы және тиімділігі қағидаттарында кәсіпкерлікті дамыту үшін институционалдық негіз қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру,  қолайлы құқықтық жағдайлар жасауға жәрдемдесуде аталған сектордың рөлі зор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер