astana-view

«Ауыр» демалып тұрған жеңіл өнеркәсіпті құтқару

2019 жылғы 05 Сәуір
3557 просмотров

«Атамекен» төрінде  Жобалық Алқаның апталық қорытынды отырысы өтті. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қатысты. Отырыс "ә" дегеннен-ақ қызу басталды.

«Атамекен» алаңында күнделікті талқыланып жүрген мәселелердің қорытындысы көпшілік талқысына салынды. 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында өңірлердегі кәсіпкерлермен жасалған жұмыс нәтижесіне сүйене отырып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің жиі кездесетін басты мәселелері мына дүниелер екен.

  1. Пайыздық көрсеткішінің жоғары болуы.
  2. Кепіл мәселесінің толық шешілмеуі
  3. Банктен бұрын алған несиені осы бағдарлама аясында қайта қарастыру.

 

Осы бағдарлама аясында туристік аймақтарды кеңейту керектігі айтылды. Атап айтсақ, Түркістан облысы, Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданын, сондай-ақ, Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің жағалауында туристерге қызмет көрсетуді кеңейту қолға алынбақ.  Аталмыш ұсыныс ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі тарапынан да қолдау тауып, ҚР Экономика Министрлігіне ұсыныс хат жіберілетін болып шешілді.

Тауар түрлерінің   жалпы экономикалық класификаторы тізіміне бұл саладан тек 3 бағыт қана кірген екен.

«Туристік аймақтарды дамытар болсақ, мәселенің бүгешігесіне дейін қарастырғанымыз жөн. Кәдесыйлар, қолөнер бұйымдары, спорт тауарларын жалға беретін қызметтер бұл тізімге енбей қалған. Осы мәселелерді ертерек шешіп алуымыз керек», - деді  ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов

Вице-министрдің бұл сөзі жауапсыз қалмады. Мәдениет және Спорт министрлігі өкілінің сөзіне «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов жауап берді.

«Жобалық алқаға жер-жерден түрлі ұсыныстар түсуде. Кәсіпкерлер тауар мен қызмет түрлерінің кңеюуін сұрауда. Туристік салада өтінімдердің саны жеткілікті болса сіз атап өткен қызметтерді де қосуға болады. Бұл шешімін табатын дүние»,- деді Абылай Мырзахметов.

Оқушылардың мектеп киімі жайлы да сөз қозғалды. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсібіміздің ауыр тыныстап тұрғаны жасырын емес. Осы саладағы сыртан келетін тауар үлесін мейілінше төмендетіп, ҚР білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен ұлттық стандартты қолдана отырып, бұл тығырықтан да шығуға болатындығы айтылды.

Жалпы, бұл бағдарлама бойынша Шымкент қаласының, Жамбыл облысының және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері белсенділік танытуда.

Бүгінгі күнге дейін жалпы құны 306,1 млрд теңгеге 344 жоба тапсырылған, екінші деңгейлі банктерден жалпы құны 6,1 млрд теңгеге  10 жоба қаражат алған. 52 жоба екінші деңгейлі банктердің шешімін күтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Елбасының тапсырмасымен отандық әсіпкерлерді қолдау мақсатында, оның ішінде күнделікті қолданатын өнімдерді өндіруді қолдау мақсатында 600 млрд теңге бөлінген  болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер