astana-view

«Атамекен» алаңында аяқ киім өнімдерін және дәрі-дәрмекті таңбалауды енгізу мәселесі талқыланды

2019 жылғы 12 Сәуір
3638 просмотров

Бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар аяқ киім өнімдері және дәрі-дәрмекті таңбалау бойынша пилоттық жобаның жүзеге асуын «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Жобалық алқа шеңберінде талқылады

2019 жыл 29 наурызда Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы Келісім күшіне енді. Аталған мәселеде Қазақстан өзінің ЕАЭО бойынша негізгі сауда серіктесі – Ресейге қарағанда белсенді позициясы төмендеу, Ресейде бұл жұмыс 3 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Отырыс барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиевтың хабарлауынша, республикада тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі үйлестіруші органның жұмысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өткен.  Спикер Техникалық реттеу және метрология комитеті таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаларды жүргізу жол картасын әзірлейтіні, ЕАЭО-ға мүше елдердің аяқ киімін таңбалау пилоттық жобасын іске асыру жоспарланғанын айтты.

 Жиында Таңбалауды енгізудің түйткілді мәселелері, сонымен қатар импорт, трансшекаралық тасымал, бөлшек сауда, инфрақұрылым, жобаның қаржы моделі, ЕАЭО мемлекеттері таңбаларын өзара тануға байланысты проблемалар белгіленді.

 «Дәрі-дәрмектерді таңбалау мәселелері бойынша – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, акциздік тауарлар бойынша – ҚР Қаржы министрлігі, өңделген азық-түлік тауарлары бойынша – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ал өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдер бойынша – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілетті орган болып таңдалды», – деп хабарлады Арман Шаққалиев.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт осы жұмыста негізгі мәселенің бірі тауарларды міндетті таңбалауды бизнес көтеруі қажет қаржылық шығындар екенін атап өтті. Ал пилоттық жобаларды оған қатысатын өндірушілер тарапынан шығын шығармай өткізу ұсынылды.

«Қандай мақсаттар қоятынымызды және таңбалаудан қандай нәтиже күтетінімзді нақтылап алған маңызды. Бүгінде таңбалаудан басқа фискалды мәселелер және кедендік әкімшіліктендіру мәселелерін шешу үшін  құралдар жеткілікті. Пилоттық жоба қорытындысы бойынша сапалы талдау қажет, соның нәтижесі жекелеген өнімді міндетті таңбалануын енгізудің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Ал ЕАЭО мемлекеттерінде таңбалауды біржақты енгізу өзара саудада кедергіге айналмауы тиіс», – деді Евгений Больгерт.

Жеңіл өнеркәсіп секторында контрафактілі және контрабандалық өнімнің үлесі жоғары, демек, көлеңкелі экономика және сұр импортпен күрес негізгі мақсат болуы керектігін ҚР Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова айтты.

«Қазіргі кезеңде мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы бойынша тауарларды таңбалаудың қажеті жоқ деп санаймын. Ісін адал жүргізіп отырған бизнес өкілдері пилоттық жұмысқа қатысуға дайын, алайда қазіргі таңда аяқ киімді таңбалау жобасында нақтылық және түсінікті бизнес-процестер жоқ», – дейді Любовь Худова.

Дәрі-дәрмектерді таңбалауды талқылау шеңберінде Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығының өкілі осы саладағы пилоттық жоба екі кезеңде жүргізілетінін хабарлады. Бірінші кезеңде DataMatrix таңбалау жүйесіне ие импорттаушылар қатысады, екінші кезеңде отандық тауар өндірушілер тартылатын болады. Сонымен қатар Дәрі-дәрмектерді сараптаудың ұлттық орталығы таңбалау ГС1 халықаралық стандарттар негізінде жүргізілетінін, таңбалау кезінде криптографиялық қорғанышты қолдану бойынша Ресейде жүзеге асып жатқан шешім пайдаланыламайтыны жайында мәлімдеді.

«Қазақстан «ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов онсыз да реттеу шараларымен жүктелген отандық фармацевтика саласы үшін  ҚР-да дәрі-дәрмекті таңбалау кезінде Ресейде жүзеге асып жатқан криптографиялық қорғанышты қолдануды алып тастау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені бұл шара үшінші елдерден келетін импортты шектеуі мүмкін. Мемлекет тарапынынан болатын қолдау шараларын қарастыру керек, өйткені дәрі өндірісінің үш тізбегі бар шағын кәсіпорын үшін таңбалауды енгізудің ең төменгі құны 500 мың еуродан жоғары соманы құруы мүмкін.

 Отырыс қорытындысы нәтижесінде Таңбалауға қатысты ұсынылған жол картасын бірлесіп жетілдіру, таңбалауды енгізуге қатысты мемлекеттік қолдаудың нақты құралдары бойынша ұсыныстар әзірлеу, сонымен қатар Ұлттық палата жанындағы таңбалау жөніндегі жобалық алқа форматында өзара жүйелі жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер