astana-view

Қарағандылық бизнесмендерге жылдам сатудың жолдары үйретілді

2019 жылғы 15 Сәуір
- Қарағанды облысы
7085 просмотров

Қарағандыда Маркетологтар клубының қатысушылары нарық мәселесін талқылады

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Маркетологтар клубының кезекті жиынында «Ұтымды сатудың үш факторы» тақырыбы қаралды.

Маркетологтар клубының қатысушылары – кәсібін енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арнап танымал бизнес-тренер Андрей Ким дәріс оқыды.

 Тренинг тақырыбы тұтынушылардың барлық категориясы арасында жақсы өтіп сұранысқа ие болатын өнімді құруға арналды. Спикер шынайы маркетингті әзірлеу, саудада қандай коммуникациялар маңыздырақ, бәсекелестермен не істеуге болады және бірнеше күн ішінде табысты қалай арттыруға болатынын айтты.

 «Жарнама беру алдында компанияның ішкі ситуациясына және менеджерлер жұмысына жақсылап талдау жүргізген жөн. Мақсат – осал тұстарды анықтау және компанияңызды алға жылжыту бойынша негізгі жайттарды белгілеп алу. Жарнама бойынша келген адамдар сізден кетпей, қайта келуді қалауы керек», – деп бөлісті Андрей Ким.

 Спикер компания клиентінің портретін (жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, сүйікті ісі) және міндеттер мен проблемелардан тұратын бейінін салуға кеңес берді.

Тренердің айтуынша, барлық сатып алушылар және олармен деген қарым-қатынас коммуникациялардың екі негізгі түріне бөлуге болады. Қоғамда коммуникация вербалды және вербалсыз құралдармен жүзеге асуы мүмкін.

 «Адам үшін вербалды коммуникация қарым-қатынас орнатудың негізгі әрі әмбебап құралы болып отыр. Әрине, вербалды түрде жүзеге асатын коммуникацияларда ақпараттың кең ауқымы беріледі. Бір сөзбен айтқанда адамдар кәдімгі қатынас құралы – тілі арқылы көбірек тілдеседі.

 «Тілдің соған арналғаны анық. Алайда заманауи менеджерге коммуникациялардың вербалды емес түрлерін туралы базалық білімді игерген жөн. Вербалды емес коммуникация –  сөз қолданбай тілдесу және ақпарат алмасу. Бұл ым-ишара, эмоциялар, түрлі сигналдар мен белгі жүйелері. Егер коммуникациялардың осы екі әдісін білген болсаңыз, онда сәттілік серігіңіз болады», – деп атап өтті бизнес-тренер.

 Клуб қатысушыларының айтуынша, оның міндеті – маркетологтардың кәсіпқойлығын жоғарылату, тәжірибе алмасу және көпшілік алдында сөйлеу, ой-талқы өткізу, пікірталас жүргізу арқылы кәсіби білімнің ауқымын кеңейту есебінен қатысушы-компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл критерийлердің барлығы осы жиында сәтті жүзеге асты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер