astana-view

Шымкентте Бизнес-Супермаркеті және Электронды коммерция орталығы ашылды

2019 жылғы 15 Сәуір
- Шымкент қаласы
9398 просмотров

Бүгн Шымкентте 2 әлеуметтік жоба: «Бизнес Супермаркеті» инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «E-Commerce Center» электронды коммерцияға атсалысу орталығы ашылды.

 Екі орталық та «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ғимаратында орналасты.

 Бизнес-Супермаркеті кәсіпкерлерге арналған қызметтерді электронды форматқа ауыстырады және қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Қызметтер инвесторлар, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге және кәсіпті енді бастаған азаматтарға көрсетіледі. «Бизнес-Супермаркеті» жобасы республикада баламасы жоқ орталық. Осындай форматтың артықшылығы қандай? Ол бірден бірнеше даму институттарын: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Shymkent» ӘКК және әкімдіктің басқармалаларын бір орталыққа шоғырландырды. Бұдан бөлек, қағазбастылықты, өтінімдер мен ұсыныстарды қарау мерзімдерін айтарлықтай қысқарта алатын СRМ-жүйесі әзірленуде.

 Бастапқыда   онлайн/офлайн қызметтерді Шымкент қаласының  2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі бағдарламаның 5 бағыты бойынша көрсетілетін болады:

 1. жастар және әйелдер кәсіпкерлігін жылдық мөлшерлемесі 1%-бен жеңілдікпен несиелеу;

2. шағын-агрофермаларды ұйымдастыруға жер телімдерін беру;

3.көше саудасы объектілерін құруға жер телімдерін беру;

4. электронды коммерцияны қаржылай ынталандыру;

5. франшизаны қаржыландыру.

 Кәсіпкерлер мұнда, сонымен қатар заңгерлік, бухгалетрлік қызметтерді, бизнес-жобалау, бизнесті сүйемелдеу, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, кедендік қызметтер, логистика және рұқсат беру құжаттары, сонымен қатар қала әкімдігі басқарламаларының мемлекеттік қызметтерін ала алады.

 Қызметтер тізімі сыртқы факторлардың өзгеруіне, инвесторлар мен кәсіпкерлердің сұранысына қарай үнемі трансформацияланады.

 Қазіргі таңда әлемдік сауданың 60%-ы электронды форматқа ауысқан және бұл цифра алдағы уақытта өсе бермек. «E-Commerce Center» – «Қазпошта» АҚ және «Shymkent» ӘКК» АҚ бірлескен жобасы. Мұндай кәсіпкерлер  онлайн-сауда және жеткізу бойынша кеңес бойынша кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізу шығындарын жабады. Орталық ашылған күні кәсіпкерлерге арнап «Интернет-дүкен: қалай құруға болады және қандай құралдармен алға жылжыту қажет» семинары ұйымдастырылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер