astana-view

Елорда тұрғындары Илья Афанасьевтің көрмесін тамашалай алады

2019 жылғы 31 Мамыр
1941 просмотров

Қазақстандық фотограф Илья Афанасьевтің «Дала Сыры – Тайна степи» атты көрмесі елордада 5 маусым күні ашылады. Іс-шараны «Атамекен» ҚР ҰКП және Еуразиялық туризм қауымдастығы ұйымдастырды

Көрменің мақсаты – ел тұрғындарына Қазақстан бойынша саяхаттау қызықты әрі қажетті екенін көрсету. Елордалықтар мен қала қонақтары Қазақстанның көрікті жерлерін Илья Афанасьев объективінен шыққан көріністер арқылы тамашалай алады.

 Көрменің ашылуы шеңберінде фотосуретші Travel-фотография бойынша шеберлік сабағын өткізеді, әр сапардан жарқын әрі әсерлі сәттерді қалай түсіріп алудың құпияларымен бөліседі. Шеберлік сабағына қатысу үшін толық ақпарат: info@eurasiantourism.com.

 Суретші жұмыстарын 5-10 маусым аралығында Wyndham Garden Astana қонақүйінде, 11-17 маусым аралығында «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығынан тамашалауға болады.

 Анықтама үшін: Илья Афанасьев – БАСҚА алматылық фотограф, Nikon Kazakhstan бренд-Амбассадоры. Табиғат көріністерін 2010 жылдан бері түсіріп келеді. Әр саяхаттан соң жол естеліктері мен фотоесептерді дайындайды.

2013 жылдан Илья әйелдер бейнесіне байланысты фотожобаларды әзірлей бастады. Интернетте суретші «Выстрелы в голову» айдарының авторы ретінде көпшілікке таныс.

 2015 жылы Илья той, неке рәсімдерін және басқа да мерекелерді түсіруді қолға алды. ФотоМастерство жобасын басқарды.

 2017 жылы SevenRaysUniverse (7 сәуле), @AlessandraDAVinci және #АктерскоеПортфолиоКазахстан.  Жобаларын іске асырған.

 2018 жылы фотосуретші арқасында @12StringsUniverse (12 перне) және ФотоМастерство «саяхатшыларға» арналған әлемде жалғыз фотомектеп ашылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер