astana-view

«Belt & Road Brand Expo Shanghai 2019» көрмесінде қазақстандық компаниялар эко-өнімді таныстырды

2019 жылғы 31 Мамыр
2488 просмотров

Шанхайда «Belt & Road Brand Expo Shanghai 2019» үшкүндік көрме басталды

Азық-түлік саласында жұмыс істейтін 50-ден астам компания қатысып жатқан көрмеде Қазақстанды RG Brands, Eurasian Food Corporation, Shymkent Cashmere, Shin-Line и Korik Shk компаниялары таныстырды.

Көрмеде В2В кездесулері шеңберінде қазақстандық компаниялар отандық брендтердің танымалдылығын арттыру мақсатында экологиялық таза және өңделген өнімді таныстырды. Сонымен қатар кездесу барысында қазақстандық өндірушілер қытай серіктестермен келіссөздер жүргізді. RG Brands, Shin-Line, «Көрік» ШҚ (Delis бренді) сынды қазақстандық брендтер қытай компанияларына өнім үлгілерін көрсетті, екі тарап та ары қарай талқылау жүргізу мақсатында байланыс деректерімен алмасты.

 Қытай тарапы RG Brands және «Көрік» ШҚ сауда маркасындағы сұйық тамақ өніміне ерекше қызығушылық танытты.

 Аталған іс-шараны Шанхайдың Халықаралық сауда жөніндегі кеңесі және Шанхай Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер