astana-view

Халық банкі стартаптарға 1 миллиард теңге бөледі

2019 жылғы 05 Маусым
2453 просмотров

Жас бизнесмен кәіп бастауға 15 млн теңгеге дейін қаражат ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Қазмедиа орталығы» 1000 орындық концерт залында бос орын болмады, онда мектеп оқушылары, студенттер мен жас кәсіпкерлерден құралған аудитория жиналды. Кездесу бейресми форматта өтті. Ұйымдастырушылардың көздегені – жастарды бизнес-ойлауға баулу, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат беру. Осы бағытта бизнесті енді қолға алған жас кәсіпкерлер мен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған Atameken Academy онлайн-платформасының (www.atameken.co) мәні зор. Онда шеберлік сабақтар түріндегі пайдалы контент, тәжірибелі бизнесмендердің табыс тағылымы, мотивациялық бейнероликтер, кәсіпкерлік бойынша түрлі материалдар қамтылмақ, сонымен қатар порталды тұтынушылар жеке профиль құрып, ақпарат алмаса алады.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова Atameken Fest фестивалінің тартымды спикері болды. Бизнес ханым жастармен осындай ауқымды форматта кездесу үшін әдеткі дресс-кодын ауыстырған. 20 мыңға жуық қызметкері, түрлі елдерде филиалдары, 16 еншілес компаниясы бар банктегі қызметінен басқа Үміт Шаяхметова Қазақстан гимнастика федереациясына жетекшілік етеді, қоғамдық кеңестерге белсенді қатысады.

Топ-менеджер өзінің селфмейд-тағылымымен бөлісіп, 30 жасқа дейінгі жастарға арналған жаңа бағдарламаны таныстырды.

«Біз Halyk-тан стартаптарға арналған кепілсіз жылдық 5%-бен 15 млн теңгеге дейін алғашқы миллиард теңгені жариялаймыз. Біз сіздермен жұмыс істеуге, жеңілдетілген шарттармен қаржыландыруға дайынбыз, ең бастысы – жақсы бизнес-идея болуы керек. Сол идеяға сенетіңізді, қолыңыздан келетінін көрсетіңіз. Бұл ақпаратты бүгін хабарлап отырмын», – деді Үміт Шаяхметова. Оның айтуынша, сұраныс болса, банк бастаманы жалғастыратын болады. «Бастысы – белсенді болу керек, үйде отырмай, әрекет етіп, еңбектену керек. Сонда ғана бәрі орындалады, сеніңіздер», – деді спикер.

Бұдан бөлек, банкте екінші курс студенттеріне банкте төленетін практикадан өтуге мүмкіндік беретін жоба бар.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев бизнеске арналған бағдарлама туралы және оған қатысты Ұлттық палатаның болжамы туралы ақпарат берді.

 «Біз ел ауқымында 7 сыныптан бастап кәсіби диагностиканы жүргізуді ұсынамыз. Осы жастағы балалар оларға қандай бағыт жақынырақ, келешекте табысты болу үшін қандай бағытты таңдау керектігін түсінуі қажет», – деді Эльдар Жұмағазиев. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені қарастырып жатыр.

Эльдар Жұмағазиев 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мектептерінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылатынын еске салды. Колледждер мен жоғары оқу орындарында аталған пән келесі жылдан бастап енгізіледі. Осылайша колледж және жоғары оқу орнын аяқтаған соң бизнеске араласа алатын жастар буыны қалыптастады. Эльдар Жұмағазиев бастапқыда 100 адамды оқытудан бастап, кейн мыңдаған адамды жинаған «Бастау» -жобасы, сонымен қатар жұмыссыз және тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы адамдарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы туралы ақпарат берді.

Atameken Fest – жастар мен болашақ кәсіпкерлерге ыңғайлы әрі түсінікті жаңа формат.

«Atameken Fest» жастармен бірлескен іс-шаралар өтетін тұрақты алаң болады деп ойлаймын», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер