astana-view

Бонустар мен оқыту – «Атамекен» сауда саласындағы бизнеске жаңа қолдау түрлерін ұсынуда

2019 жылғы 12 Маусым
5068 просмотров

Сауда саласы дамуының келешегі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен ҰКП Сауда комитеті отырысында талқыланды

Сауда саласы  кәсіпкерлікке жұмылғандар саны жағынан көш бастап келеді. ҰКП Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, саудада бизнесмендердің 44%-ы жұмылған, ал бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 1,3 млн. Гипермаркеттер мен супермаркеттер, сондай-ақ ірі сауда желілеріне көтерме сауда айналымының 18%-ы тиесілі,  минимаркеттер мен тұрғын үй жанындағы дүкендер көлемі – 38 %, ал  қалған көлем, яғни 40%-дан астамы – ашық базарлар, дәріханалар, парфюмерлік дүкендері (косметика) және дүңгіршектер.

Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, «Атамекен» өткен жылы  сауда қызметін жүргізуге қолайлы жағдайды қалыптастыратын  бірқатар заңнамалық түзетулер енгізді. Мұндай жаңашылдықтардың бірі – супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тауарларға қойылатын ретро-бонустарды алып тастауға қатысты болды. Осылайша бұл түзету арқылы тауар жеткізушілердің шығындары айтарлықтай  азайтуға мүмкіндік жасалуда.

 «Бұл ретте супермаркеттерге қандай да бір талаптарды  немесе тек нақты бір тауар жеткізушілермен жұмыс істеуге қатысты талаптарды қоймау керектігін де түсінеміз. Белгілі бір талаптар мен стандарттар бар, оларды ұстану арқылы кез келген тауар жеткізуші дүкендер сөрелеріне тауарларын қоюға мүмкіндік алады. Бұл жерде  «Атамекен» осы талаптарды  кәсіпкерлерге түсіндіру мен оқыту процесіне атсалысқанын қалаймыз. Ол үшін тауар өндірушілерге де, ірі бизнеске де бұл талаптарды  көрсетіп, түсіндіріп, көмектесуі қажет. Одан бөлек кәсіпкерлер заманауи құралдарды қолдануы, жеке брендтерінің танымалдығын арттыруы, нарықта өз орнын табуы үшін маркетинг бойынша білім беру бағдарламасын іске қосу қажет деп ойлаймыз», – деп атап өтті Қайрат Мәжібаев.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен стационарлық объектілерге жатпайтын сауда түріне қатысты норма күшіне енді, оған сәйкес әкімдіктер  стационарлық сауда объектілеріне жатпайтын дүкендерге («көшпелі сауда дүкен») орын бөліп, талап етілетін қозғалыс бағытын бекітіп береді. Осы бизнес түрінің қарқынды дамуын ескере келе, бүгінгі күні бұл шара өте өзекті әрі орынды. Бұған қоса «Атамекен» өз құқығын бизнеске кері әсер етіп, асыра пайдаланатын тұтынушылардың әрекетін (аукциондық тауарларды бастапқы құны бойынша қайтаруды жою) шектейтін заңнамалық түзетулерді де енгізді.

 Қайрат Мәжібаев соңғы жылдары интернет-сауданың дамуы трендке айналғанын атап өтті. Электр техникаларды сататын ірі дүкендер онлайн-сатылымдардың 15%-ға дейін артқанын айтып, бұл көрсеткіш  ары қарай өсетінін болжауда. Онлайн сауданың артықшылығы – көлеңкелі айналымды қысқартуға ықпал етеді. Бұл ретте онлайн саудаға бет бұрып, табыс салығын төлеуден босатылу жолдарын қолданған кәсіпкерлерге тиімді.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ірі сауда  нүктелерінің иелері өз тарапынан жауапкершілікті ұстану қажеттілігін де атап өтті. Сауда орындарын жалға беріп, кіріс алуды ғана ойламай,  сатушылар мен тұтынушылардың қауіпсіздігін, сонымен қатар объектілердің техникалық талаптарқа сәйкес болуын қамтамасыз етуі керек.

«Атамекен» сауда саласына қатысты бизнестің мүдделерін барынша шоғырландыруды көздеп отыр.

«Сауда саласы өте ауқымды – бұл тұрғын үй жанында орналасқан дүкендер, ірі ритейл, кішігірім сауда түрлері. Салалық қауымдастықтарды құру арқылы барлық тараптің мүддесі ескерілуі өте маңызды. «Атамекен» бұл жұмысты өңірлерде бастап кетті. Мұндай қауымдастықтар сауда саласындағы бизнесті біріктіріп, ортақ ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі. Нәтижесінде мемлекеттік органдармен диалогта қолда маңызды деректер болатыны сөзсіз», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

Кездесу нәтижесі бойынша «Атамекен» басшысы көлеңкелі импорт мәселесін шешуге, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен сыртқы көршілес нарықтарға шығуға бағытталған  жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер