astana-view

«Атамекен» Алматы және Шымкент бизнес-тренерлерін  «Жас кәсіпкер» жобасына қатысуға шақырады

2019 жылғы 18 Маусым
4036 просмотров

«Жас Кәсіпкер» жобасының таныстырылымы Алматы қаласында сағат 11:00-де Жібек жолы д-лы, 135/10а (Амангелді к. қиылысы) мекенжайында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы базасында өтеді.

«Жас кәсіпкер» - «Бастау» жобасы анологиясымен жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы.
«Жас кәсіпкер» жобасының мақсаты -  жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейді  төмендету үшін жастардың бойында жеке бизнес ашуға қажетті дағдыларды қалыптастыру арқылы кәсіпкерлік әлеуетті дамыту.
Нысаналы аудитория - NEET категориясындағы жастар, жас және аз қамтылған көп балалы отбасылар, 18-29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандар.

Оқудың басталуы - 2019 жылдың ІІІ тоқсаны. Жоба қалалар, аудан орталықтары, моноқалалар және республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылады.

Алматы қаласы және Шымкент қаласының жұмыс істейтін және әлеуетті бизнес-тренерлерін «Жас кәсіпкер» жобасына қатысу шарттарын талқылауға арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз. 

Кіру - тегін!
Анықтама телефоны: +7 747 555 84 64.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер