astana-view

Дунга кен орнының операторы «Total E & P Dunga GmbH» компаниясының сатып алу жоспары жарияланды

2019 жылғы 25 Маусым
4775 просмотров

Мұнай-газ операторы - «Total E & P Dunga GmbH» халықаралық компаниясы 2019 жылы сатып алу жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің  тізімін алғаш рет ресми жариялайды. Осылайша компания мөлдірлікті қамтамасыз етуге және сатып алатын ТЖҚ-дегі жергілікті қамтудың деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді.

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізімі “Атамекен” ҰКП (atameken.kz) және “Атамекен” ҰКП және Казэнерджи қауымдастығының (petrocouncil.kz) жанында құрылған Стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің сайтында жарияланды. Бұл ретте тізімнің ақпараттық сипатта екендігін және көрсетілген конкурстардың қандай да бірінің өткізілуінің кепілі болып табылмайтындығын атап өту қажет.

Сатып алу жоспарларын atameken.kz және petrocouncil.kz сияқты алаңдарда жариялауға бастамашылық етуші,  Қазақстан Республикасында қол қойылған өнімдерді бөлу туралы Шарттардың / Келісімдердің шеңберінде Қазақ тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген PSA ЖШС – еліміздің мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Естеріңізге сала кетелік, «Дунга» кен орны сынақ түріндегі пайдалануға 2000 жылы енгізілген болатын. 2004 – 2006 жж. кезеңінде кен орны Көлденең және тік ұңғымалар бұрғылау арқылы тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының шеңберінде игерілді.  2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Дунга» кен орны толық ауқымды игерілу сатысында.

Соңғы бірнеше жыл ішінде, Total мамандарының тәжірибесінің арқасында, жаңа және бұрыннан бар ұңғымаларды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар өндірістік табыстарға қол жеткізілді.

Дунга – қазақстандық қамту деңгейі айтарлықтай жоғары болып табылатын аздаған халықаралық жобалардың бірі. Стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес – Petrocouncil PSA ЖШС мен Total E & P Dunga GmbH компаниясына қазақстандық кәсіпкерлерге белсенді түрде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді және басқа мұнай-газ операторлары да, сонымен қатар  олардың бас мердігерлері Total E & P Dunga GmbH компаниясының ізін басып, қазақстандық кәсіпкерлердің өз қызметтерін жоспарлап, интерконтиненталды компанияларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер ұсынуы үшін сатып алу жоспарларын он-лайн жариялайды деп сенеді.

Анықтама үшін

Стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес “Атамекен” ҰКП және Казэнерджи қауымдастығының жанында құрылған. Кеңестің күш салуының арқасында 1100 отандық кәсіпкер мен мұнай саласының кәсіби мамандары байланыстар орнатуға арналған алаңға ие болды. 12 конференция, форум және дөңгелек үстел ұйымдастырылды, 16 компания белсенді түрдегі көмекке және қолдауға ие болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер