astana-view

«Атамекен» қоғамдық тамақтану саласындағы санитарлық ережелерді қарап шықты

2019 жылғы 26 Маусым
7183 просмотров

Қоғамдық тамақтану саласы және тамақ өнімдерін өндірудегі санитарлық ережелерді тексеру мәселелері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Кездесу өңірлік бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардан (балабақшалар, мектептер, ауруханалар, шипажайлар және т.б)  қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, атап айтқанда кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері цехтары және аз қуатты өндірістік объектілерге (ірімшік пісіру, сыра пісіру, макарон өндіру цехтары және т.б) жекелеген санитарлық ережелерді әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге салсақ, қазіргі таңда бақылау және қадағалау процедуралары, оларға қойылған міндеттерді келесі себептердің салдарынан орындай алмай отыр: 

- қадағалау және бақылау құқық бұзушылықты алдын алудың негізгі құралы;

- тексеру саласында құқық бұзушылықтарды талдау жоқ;

-өндірілетін өнімге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы жоқ талаптардың көп қойылуы;

-тексерулер саны және салынған айыппұлдарға негізделген тиімділікті бағалау (толық жүйе) жүйесі;

-сыбайлас жемқорлық.

Тексеру нысанына келген тексерушінің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектісін ары қарай жауапкершілікке тарту үшін сәйкессіздіктерді анықтау.  Осы ретте кәсіпкер ретінде тіркелген және кәсіпкерлікті жүргізуге барлық қажетті рұқсат қағаздарды алған бизнес субъектілері ғана тексерілуде.

 Ал кәсіпкерлік қызметті тіркемей жүргізіп жатқандар тексерілмейді.

 Демек,  нарықтың бір бөлігін алып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жатқан адамдар өкілетті орган тарапынан бақылау мен қадағалауға жатпайды. Нәтижесінде теңсіз бәсекелестікке қолайлы жағдай жасалады.

 Осы ретте қолданыстағы санитарлық ережелер жоспарлы экономиканың салдары. Оның негізінде жаппай бір типтік тауарларға (мысалы, әскери саланың заттары: автоматтар, танкілер; бұқтырылған сиыр еті) немесе шығындары жоғары бірегей өнімге (мысалы, реактивті қозғалтқыштар, ұшақ серігі, ғарыш техникасы) сұранысты қанағаттатндыру үшін қажет болған.

 Нәтижесінде бизнес өкілдері ғылыми-техникалық ілгерілеудің жаңа жетістіктеріне жедел ілесе алмай отыр, бұл жайт өндірістің өнімділігі, отандық тауар өндірушілердің бескеге қабілеттілігі және елдің экономикалық қызметіне теріс әсер етуде.

 Санитарлық ережелер талаптарының егжей-тегжейлі сипатта болғаны соншалық, тіпті олар шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жабдықты қолданып отырған, қуаты аз өндірістік объектілер технологиялық процедураларды жүргізуге және қосымша орынжай ұстауға мәжібүрлі.  Ал заманауи жабдығы бар кәсіпорындарға қосымша орынжай ұстай талап етілмейді.

 Мәселен, «Happy Cake Eurasia» жауапкершілігі шектеулі серкітесін жоспардан тыс тексеруде объектінің 14 нормативтік-құқықтық актіге сәйкестігі тексерілді, 14 нормативтік-құқықтық акті 1 114-тармақтан тұрады (техникалық регламенттер, санитарлық ережелер және т.б.) Осы ретте актілер қайталанып қана қоймай, сондай-ақ, біріне-бірі қайшы келеді.

  Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі №186 бұйрығымен бекітілген «Тамақтандыру объектілеріне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»   санитарлық қағидаларына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерін тұрғын үйге және қоғамдық ғимарттарға, тұрғын ғиамараттар және қоғамдық нысандардың тұрғылықты емес  қабаттарында,  тұрғын ғиамараттар және қоғамдық нысандардың төле және жартылай төле қабаттарында ұйымдастыру, және осы орынжайларда тәуліктік шығарылымы 300 келіден  көп емес кремді өнімдер; кремсіз кондитерлік өнімдерді 500 келіден көп емес шығару бойынша кондитерлік цех ашу рұқсат етілген.  

Ал «Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне, кондитерлік бұйымдарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 124 бұйырығына сәйкес қуаты аз объектілер (шағын өндіріс) – тәулігіне 100 келіден астам кремі бар кондитерлік бұйымдарды, тәулігіне 300 келіден астам кремсіз кондитерлік бұйымдарды өндіретін объектілер) бөлек тұрған нысанда болуы керек,  нысанның санитарлық-қорғау аймағы 50 метрден кем болмуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер