astana-view

«АТАМЕКЕН» БИЗНЕСМЕНДЕРДІ OFFTAKE-ШАРТТАРЫНА ӨТІНІМ БЕРУГЕ ШАҚЫРАДЫ (2019 жыл 11 шілдеге дейін)

2019 жылғы 26 Маусым
2622 просмотров

«Атамекен» келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал  болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:

1) массалық шығынын өлшегіш (тапсырыс беруші – Самұрық-Қазына),

2) қалтқылы деңгейін өлшегіш (Самұрық-Қазына),

3) радарлық деңгейін өлшегіш (Самұрық-Қазына),

4) ЭЦВ-түрі батпалы сорап (ҚМГ),

5) астарсыз бағыттамалық бұрма (ҚТЖ),

6) айнымалы тоқты электрқозғалтқыш (Қазатомөнеркәсіп, ҚМГ).

Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.

Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 11 шілдеге дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 10 жұмыс күн).

Өтінімдерді қабылдау – services.atameken.kz кәсіпкердің бірыңғай терезесі арқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер