astana-view

Нариман Әбілшайықов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

2019 жылғы 04 Шілде
- Алматы қаласы
7269 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Нариман Әбілшайықов тағайындалды.

Бұған дейінгі бұл лауазымды атқарған Телебай Бағдат Ғазизұлы басқа жұмысқа ауысына байланысты қызметінен босатылды. Нариман Әбілшайықов  осы күнге дейін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.

Жаңа басшыны Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұжымына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев таныстырды.

Анықтамалық ақпарат:

Нариман Әбілшайықов  1983 жылы  Павлодар өңірінде дүниеге келген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар мемлекеттік университетіндегі тәрбие жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдары «Полиграфия Плюс» ЖШС баспа орталығының директоры, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Туризм басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Almaty Management University, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті болып қызмет еткен. Павлодар облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болып сайланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер