astana-view

Алматылық кәсіпкерлер «HALAL» экспорты өнімдерімен танысты

2019 жылғы 05 Шілде
- Алматы қаласы
3043 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Halal Services Alliance» халықаралық сертификаттау мекемесі бірлесіп, қазақстандық өндірушілердің біліктілігін арттыру және сервистік қолдау мақсатында, «HALAL» экспортының өнімдері туралы семинар ұйымдастырды. 


Аталмыш семинарға отандық компаниялар қатысты. Семинар барысында Қазақстаннан шыққан «HALAL» экспортының ерекшеліктері, Иран аумағындағы «HALAL» өнімдерінің талаптары, Парсы шығанағы елдеріндегі «HALAL» импортына деген  сұраныстары туралы мәселелер талқыланды. Оқыту семинарына қатысу тегін түрде жүргізілді. 


«Бүгінгі семинардың ерекшелігі аталған тақырыптың Қазақстан аумағында алғашқы рет талқыға түсуі. Жалпы осы тұста  «HALAL» сөзінің мағынасын ашып алсақ. «HALAL» дегеніміз - шариғат бойынша айтатын болсақ, «Рұқсат етілген» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз айтылғанда ең алдымен ойымызға ет тағамдары келеді. Әрине ет міндетті түрде халал болуы керек. Халықтың көпшілігі «HALAL» сөзін доңыз етінен жасалмаған тағамдар деп қабылдайды. Бұл пікір қате. Қазіргі уақытта барлық ет тағамдары «HALAL» түрде бола бермейді. Егер ет дұрыс сойылмаған жағдайда, ол харам болып есептеледі. Өкінішке қарай, мамандардың жетіспеушілігінен, уақыттын тапшылығынан біздің көптеген ет комбинаттарында өнімдер харам түрде әзірленіп жатады», - деп «Halal Services Alliance» компаниясының директоры Ерғұлан Шметов өнімдердің сапалылығына тоқталып кетті.   


«Біздің мақсатымыз – мұсылман ретіндегі жауапкершілігімізді жүйемен, кәсіби шеберлікпен және тәжірибелі іскерлік  әдіснамамен жүргізу. Біз бизнесті жақсы сапалы жасауға бағыт береміз. Парсы шығанағы Араб мемлекеттеріндегі ынтымақтастық бағытта өсіп келе жатқан халық болып саналады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық өндірісі, импорттық азық-түлік өнімдері нарықтық сұранысқа ие. Атап айтқанда, қазіргі таңда саны жағынан да, сапасы жағынан да Парсы елдерінде «HALAL» етіне деген сұраныс өсуде. Сондай-ақ, жергілікті жерде етті жеткізу және мал басын кеңейту судың жетіспеушілігімен байланысты болып отыр. Осы орайда  Иран етінің едәуір бөлігі, әлемдегі импорттау арқылы жалғасуда», - деп мәлімдеді Италияндық халал өнімдерін өндіруші компанияның өкілі Умар Лаззаро. 


Семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар тапсырылып, «HALAL» халықаралық сертификациясына 25% жеңілдікпен купондар берілді. Әр қатысушы 2 ай мерзімге тегін кеңестер алатын болады. Сондай-ақ, семинар барысында әрбір қатысушы «HALAL» тақырыбы бойынша сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарында алды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер