astana-view

Қарағанды және Чехияның машина жасаушылары өңірде өндірістік кооперация құруда

2019 жылғы 05 Шілде
- Қарағанды облысы
7645 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кеңес жанындағы машина жасау комитетінің кезекті отырысы өтті. Кездесудің тақырыбы газ бөлу желілері құрылысы саласында құрылатын өндірістік кооперацияға арналды. Кооперацияға Қарағанды және Чехияның 6 кәсіпорны енді

«Қарағандыда өндірістік, логистикалық және әкімшілік активтер бар, ал чехтерде патенттелген ноу-хау әзірленген, бұл жаңашылдықтар еуропалық нарықтарда  өз тиімділігін дәлелдеген. Шағын бастапқы капитализациямен Қарағандыда екі жаққа да тиімді болатын өндірісті іске асыруға болады», – деп хабарлады «Violan Trade Inc, s.r.o.» чех компаниясының бас менеджері Виктор Иванов.

Қарағандының машина жасаушылары өз кәсіпорындарында чех сызбалары бойынша   Жезқазған, Теміртау, Қарағанды тұрғындарын газбен қамтуға қажетті газ бөлу станцияларына арнап қосалқы бөлшектерді әзірлеуге дайын.

 «Чех тарапы біз қазіргі кезеңде әлі шығара алмай жатқан қосалқы бөлшектерді – қысым датчиктері, газ есептеуіштерді әзіреуге қажетті сызбаларды, технологияларды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар мамандарды оқытуға көмектеседі. Енді халыққа арналған өндіріс дайындығын осы бағытта жүргізудеміз. Газ осы жерге келген уақытта біз халыққа арналған қандай да бір тауарлық өнімді шығарып отырамыз», – деді Қарағанды облысы ӨКП өңірлік кеңестің жанындағы Машина жасау комитетінің төрағасы  Геннадий Копьяк.

Шахтерлік аймақта 800-ден астам км газ құбыры тартылады. Көк отынға өңірдің 5 ірі қаласы және 100-ден астам ауылы ауысады.   

 Кездесу барысында биыл 26 маусым күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы талқыланды. Құжатта көзделген басты мақсат – отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру.

 Комитет төрағасы Геннадий Копьяк машина жасаушыларды саладағы осындай айтулы оқиғамен құттықтады, өйткені «Жол картасы» өнеркәсіпшелердегі жүйелі мәселелерді шешуге көмектеседі.

«Өңірде  ірі тапсырыс берушілер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС-на қосалқы бөлшектер, тіректер, құбырлар, металл конструкциялардан дайындалған бұйымдар және стандартты емес жабдықтарды шығаратын 700-ден астам зауыт жұмыс істейді. Сондай-ақ машина жасаушылар жеке тапсырыстарды орындайды. Алайда ірі алпауыт компанияларда мердігерлікте жұмыс істеу мәселелерімзді шешіп отырған жоқ. Бізге мемлекеттік қолдау қажет. Оған біз қол жеткіздік те», – деді Комитет төрағасы.  

   Бағдарламаны отандық машина жасаушылар бір жыл бойы әзірлеген. Геннадий Копьяктің айтуынша, әр өңір өз ұсыныстарын енгізіп, құжаттың дайындалуына атсалысты. Өндіріс қызметкерлері Республикалық машина жасаушылар одағының съезінде өз идеяларын айтып, кейін қарарды  Үкімет  қарауына жіберді.

 Стратегиялық құжат орта мерзімді перспективаға шақталған. Онда қолдау шаралардың топтамасы – шикізатпен қамтамасыз ету, жергілікті қамту үлесін арттыру, техникалық реттеу шараларын жетілдіру, экономикалық ынталандыру механимзмедірн енгізу қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер