astana-view

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау шаралары жүргізілуде

2019 жылғы 05 Шілде
- Алматы қаласы
3558 просмотров

5 шілдеде Алматы қаласында оқуға қатысқан 27 әлеуетті бизнес-тренерлердің кезекті іріктеуі аяқталды

Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы аналогиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдауды бастаған болатын. Аталған  жоба аясында Алматыда біршама бизнес-тренерлерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

«Мен «Жас кәсіпкер» жобасы аясында бизнес-тренерлерді жұмысқа қабылдап жатқанын әлеуметтік желідегі парақшамнан оқып, егжей-тегжейлі білу үшін көрсетілген байланыс нөмеріне хабарластым. Мені жұмыстың барысымен таныстырып, бес күндік өткізілетін оқуға шақырды. Адамдарға кәсіпкерліктің жолын үйрету маған аса қиындық туғызбайды. Себебі бұл салада жүргеніме бір жылдай уақыт болды. Осы аралықта мен өз тауарларымды сатып, кәсіпкерліктің қыр-сырын түсініп қалдым. Үйренем деушілерге қашанда қолдау көрсетіп, бағыт бергім келеді», – дейді алматылық бизнес-тренер Ақжүніс Брасилова.

Жобаның мақсаты жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өз бизнесін құру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

«Маған «Жас кәсіпкер» жобасы аясында бизнес-тренерлерді қабылдау туралы хабарлама «ватсап» әлеуметтік желіме келді. Оны таныстарым көріп маған жолдаған екен. Мені ең алдымен бұл жобаның аты қызықтырды. Сосын келіп көргуді жөн санадым. Байланыс нөмеріне хабарласқан едім, мені көрсетілген мекенжайға шақырды. Мені таңдағаннан кейін, жетік меңгеруім  үшін, бес күндік оқуға қатысуға шақырды. Өзім қазіргі таңда үш тілді жетік меңгергенмін. Адамдармен еркін байланыс орната аламын. Өз білімді және үйренгенімді кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жандарға үйреткім келеді. Осылай азда болса қоғамға үлес қоссам дейді», – дейді Жандос Брасилов өз сөзінде.

Мақсатты аудиториясы NEET категориясындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер. Жобаны іске асыру «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаларда, аудан орталықтарында, моноқалаларда және Республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылатын болады.

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында бизнес-тренерлерді жұмысқа қабылдау шараларды әлі де жалғасуа. Бизнес-тренерлердің қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемені cvbastau@gmail.com электрондық мекенжайға жіберулеріңізге болады.

Бизнес-тренерге қойылатын талаптар:

  • «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  • Бағдарлама шарттары бойынша қаржыландыруды алуға көмектесу;
  • Қаржыландыру алған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу;
  • Аудан/қалаға маркетингтік зерттеуді жүргізу –  жоба қатысушылары және басқа да кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай орнықтыру мақсатында бастапқы ақпаратты жинақтау (өткізу тізбегін қалыптастыру).

Кәсіби біліктілік:

  • экономика/ педагогика  саласында жоғары білімнің болуы (міндетті), басқа мамандықтар – құпталады;
  • байланысты салаларда жұмыс өтілінің болуы міндетті. Кәсіпкер, коуч/ментор ретінде тәжірибе және талдау жасай білу құпталады;
  • қаржылық сауаттылық/бизнес-жоспарларды құру және түсіндіре білу;

-нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін білу;

-салықтық заңнаманы білу;

-маркетинг және маркетингтік зерттеуді білу;

-дербес компьютермен жұмыс істей білу (Excel, Word-пен жұмыс істеу).

-soft skills:

 Мемлекеттк тіл және ресми тілді білу;

-жоғары коммуникативтік машықтар және келіссөздерді жүргізудегі тәжірибе;

-әлеуметтік желілердегі іскерлік позиция;

-командада жұмыс істей алу.

Шарттар:

3-6 ай бойы толық жұмыспен қамтылу.

3-6 ай бойы ауыл, аудандарға барумен қоса, толық жұмыспен қамтылу;

Баспана бөлек берілмейді, іссапар шығандары өтеледі.

KPI көрсеткіштері орындалғаны бойынша бонус төленеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер