astana-view

Алматы – бизнес пен жеке капиталдың шаһары

2019 жылғы 11 Шілде
4631 просмотров

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бизнесмендері және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен жиналыс өткізді

Кездесуде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың механизмі жайында айтылды. 

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мегаполистегі кәсіпкерлер саны (4,3%-ға) және өңдеу өнеркәсібі көлемінің (7,8%-ға) артқанын атап өтті. 

«Сауда саласы қала экономикасының үштен бір бөлігін қалыптастырып жатқанын ескерсек, Алматының сауда әлеуеті өте жоғары. Көтерме және бөлшек сауданың көлемі жыл сайын тұрақты түрде өсуде. Биылғы жылдың 5 айы ішінде қаланың жалпы тауар айнылымы 5,2 трлн теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 41,6%-ы. Осы ретте сауда саласы 2019 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс орындарымен шамамен 230 мың адамды қамтамасыз етті», – деді Абылай Мырзахметов. 

Спикердің айтуынша, елдің қаржы орталығы ретінде Алматы қаласы қаржыландырудың қолжетімдігі бойынша көш бастап тұр. Осылайша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ҚР-да субсидияланған жобалардың жалпы көлемінен 7% оңтүстік астанаға тиесілі. Осы ретте Абылай Мырзахметов базарларды жаңғырту жұмыстарында бизнес пен тұрғындарға кедергілер келтірмеу бойынша бірқатар нақты шараларды ұсынды, сондай-ақ жақын орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қаланың барлық аудандарында «бір терезе» форматында заманауи сервистік орталықтарды ашуға дайындық туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы – сервистік құрылымды экономикасы бар бизнес және жеке капиталдың шаһары екенін айтты. Экономикадағы мемлекеттің қатысуы 2,4%-дан аспайды, шағын және орта кәсіпкерліктің салымы 39,5%-ды құрайды, яғни бұл өңірде «мұнайға тәуелдеі емес тұрақты экономика» бар. 

Кәсіпкерлердің мемлекетпен  өзара әрекеттесу процедуралары оңтайландырылды. Алматыда бизнесті «қағазбастылықсыз» жүргізуге – интернет арқылы кәсіпорын ашу, шот-фактураны шығару, банк операцияларын жүргізу, салықтық төлемді өткізу, құрылысқа рұқсат алу, эскизді жобаны мақұлдау, электр энергиясына қосылуға келісімшарт жасауға болады. 
 Қалада «бір терезе» қағидаты бойынша «Инвестициялар үйі» ашылған, онда кәсіпкерлерге сервистік қолдау шаралары көрсетіледі. 

Кездесуде, сондай-ақ туристік әлеуетті тиімді пайдалану, Алматы қаласы геоақпараттық қартасын жетілдіру, ІТ-саласы және цифрландыруды дамыту тақырыптары көтерілді. Тұрақты емес сауда нүктелерін салу арқылы көше саудасын ынталандыру шаралары қаралды. 

Қаладағы бизнес ахуалды ары қарай ілгерілетудегі көзқарастарымен Алматы қаласының кәсіпкерлік өкілдері, атап айтқанда «Meat Product Service» ЖШС бас директоры Бақытжан Әбдрасилов, «Alina group» ЖШС директоры Ерлік Балфанбаев, «ЭФКО-Алматы» ЖШС директоры Нұржан Қожамұратов, IDC өңірлік директоры Андрей Беклемишев, сонымен қатар Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева, «Tornado Plus» ЖШС директоры Игорь Проценко, «Tanmedia group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов бөлісті.
Жиын барысында базарларды модернизациялау, туризмді дамыту, МЖӘ механизмдері, электронды сауда субъектілеріне салықтық жеңілдіктер бойынша мәселелер көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер