astana-view

Инвесторлар және жеке мектептер білім берудегі жан басына қаржыландыру механизмін пайдалана алады

2019 жылғы 12 Шілде
6237 просмотров

2020 жылдан бастап Қазақстанда барлық қалалық мектептер жан басына қаржыландыруға ауысады.


Қазіргі таңда жан басына қаржыландыру механизмін барлық жеке мектептерге енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл шара мемлекеттік мекемелердегі орын тапшылығы салдарынан қолға алынбақ.


Бұдан бөлек, жан басына қаржыландыру механизмі мемлекеттік тапсырысты жеке мектептерде орналастырумен шектелмейді, сондай-ақ жаңадан енгізілген жеке мектепке әр оқушы орнына ынталандыру құрауышын қарастырады.


Бұл құрауыш 8 жыл бойы төленеді және инвестордың мектеп салуға кеткен шығындарын өтейді. Мектеп уақыт өте келе инвестордың меншігінде қалады.
Осы ретте ата-ананың төлемін, соның ішінде баланың мектепте болуына жақсы жағдай жасауға төлем алу құқығы бар. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс республикадағы 80 жеке мектепке бөлінген.

Жан басына қаржыландырудың нормативі аймақтық (экология, радиация) ерекшелігі, орналасуы (қала, ауыл), білім деңгейі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), білім беру бағдарламалардың түрі (түзету, үйде оқыту) бойынша ерекшеленетінін атап өткен жөн.


Анықтама үшін: Жан басына қаржыландыруды енгізу жалпы білім беретін мектептердің жұмыс істеуінің әдісін өзгертеді.

Нәтижеге бағдарланған қаржыландыру бюджеттік қаражатты қолдану тиімділігін арттырады, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсартып, жұмыс нәтижесін қосымша ынталандыру есебінен педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатады.

Жан басына қаржыландырумен пилоттық жобалар 2013 жылдан 5 өңір ( Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, ШҚО, Түркістан облысы) және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында басталды. 2018 жылдан бастап жан басына қаржыландыру  Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік және жекеше мектептеріне енгізілді.

Билғы жылдың басынан республиканың барлық жеке мектептерінде енгізілді. 2019 жыл қыркүйекті жан басына қаржыландыру Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік мектептеріне енгізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер