astana-view

Патенттен оңайлатылған декларацияға өту мәселесі «Атамекен» алаңында талқыланды

2019 жылғы 16 Шілде
5617 просмотров

Патенттен оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салықтық режимге өту отандық бизнеске қаншалықты ауыр тиетіні «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитенінің отырысында талқыланды.

Естеріңізге салсақ, сауда саласы 2020 жылдан бастап оңайлатылған режимге толығымен өтуі керек. 2020 жыл 1 қаңтардан бастап сатылған тауар үшін барлық ақшалай есептер бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жүзеге асатын болады.

«Атмаекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, оңайлатылған декларацияға өту сауда субъектілерін «көлеңкелі» нарықтан шығуын қарастырмайды, керісінше, кәсіпкерлерді табыстарын жасыруға итермейлейтін болады. Өйткені салық режимінің бұл өзгерісі бизнестен қосымша шығын талап етеді.

 Атап айтқанда, «Атамекен» жылдық айналымы 8,9 млн теңгені, патент бойынша таза табысы 115 590 теңгені құрайтын кәсіпорынға талдау жүргізді. Салықтың 1%-ға аздап қана өзгеруі  (айналымнан 2%-дан 3%-ға дейін) шағын кәсіпкерлік субъектісінің таза табысын 36%-ға қысқартуға әкеп соғады.

«Кәсіпорынның сол қаражаты айналымынан түскен таза  табысы небәрі 73 716 теңгені құрайды. Салықтық төлемдер болса еш өзгермейді, ал таза табыс банк шотын ашу және қызмет көрсету, POS-терминалды жалға алу, бақылау-кассалық машинаны қарау, интернет қызметтерін төлеу сынды қосымша шығындар салдарынан қысқарады», – деді Нұрлыбек Мұқанов.

Нәтижесінде бюджетке түсетін қосымша түсімдердің көлемі 915 млн теңгені, тысқары ұйымдардың табысы (екінші деңгейлі банктер, «Қазақтелеком» АҚ, бақылау-кассалық машиналарды сататын және қызмет көрсеттін ұйымдар) 3,9 млрд теңгені құрамақ.

 «Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашниковның айтуынша, бизнес өкілдері оңайлатылған декларациямен жұмыс істеуге қарсы емес, алайда цифрландыру, сонымен қатар бухгалтерлік есептердің қиындауы қосымша қаржылық ауыртпалыққа әкеп соғады.

 «Бизнес өкілдері енді бухгалтерлерді жалдауға мәжбүр, ал патент негізінде кәсіпкерлер ешкімді жалдамай-ақ өздері жұмыс істейтін», – деп атап өтті Анастасия Калашникова.

 Өз кезегінде Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев сатылымдар көлемінің артуы және бәсекенің болуы қызметтердің құнын төмендетуге әкеп соғатынын айтты. Алайда тарифтерді төмендету қызмет көрсетуші компаниялар және банк секторы тарапынан байқалмайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы банк тарифтерін қайта қарауды  ҚР Ұлттық Банктен сұрады. Қазіргі таңда банк қызметтері банк карточкалары бір банк немесе банкаралық операциялар шеңберінде қызмет көрсетуге байланысты ерекшеленеді және 0,5%-дан 2,5%-ға дейінгі аралықта құбылады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитені басқармасының жетекшісі Гүлмира Смағұлованың айтуынша, оңайлатылған декларацияға өту бақылау-кассалық машиналарына өтуімен байлнаысты емес. Оңайлатылған декларацияның патенттен айырмашылығы – салықтық мөлшерлемеде ғана. Бұған дейін салықтық мөлшерлеменің көлемі 2%-ды құраған, ал арнайы салық режимімен оның көлемі 3%-ды құрайды (табыстан түсетін  жеке табыс салығы (түсім) –15%, табыстан түсетін әлеуметтік табыс (ӘС)  –1,5%).

 «Бұл сұрақ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәселесі емес, бірақ біз бұл туралы білеміз, әр тарифтерді қайта қарау мәселесін бірнеше рет көтергенбіз. Сонымен қатар кез келген кәсіпкер өзінің жеке табыс салағының сомасын бақылау-кассалық машинасын сатып алу кезінде 50%-ға (60 мың теңгеден көп емес) азайта алады. Бұл өзгерістер үшқұрауышты интеграциялық жүйені сатып алушылар үшін де қатысты, осындай кәсіпкерлер салықтың жыл сайынғы сомасын 60 мыңға дейін екі жыл бойы төмендетуге мүмкіндік алады», – деп түсіндірді Гүлмира Смағұлова.

 Жиын қорытындысы бойынша Қайрат Мәжібаев Қауымдастық, құзырлы органдар, Ұлттық банк, «Қазақтелеком» АҚ өкілдері және қызметтер операторлары мен жабдықтарды жеткізушілерді шақыру арқылы жекелеген алаңда кездесуді ұсынды.

«Шағын форматтағы кездесулер нәтижесінде сауда субъектілері үшін салықтық режимді өзгерту бойынша нақты позицияны қалыптастыру қажет және кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтердің сапасы ретінде 2%-ға дейін пайда көрулері қажет. Операциялық шығыстар бойынша түсінікті есептеулер жүргізу қажет, сондай-ақ бизнестің осы түзетумен қалай ашық бола түсетінін зерделеп алған жөн Бизнес-қоғамдастық ақпаратты ары қарай жеткізу үшін барлық сұрақтарға жауабын алуы тиіс», – деп қорытындылады Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер