astana-view

Елордада «Жас кәсіпкер» жобасы 22 шілдеден басталады

2019 жылғы 18 Шілде
- Астана қаласы
7821 просмотров

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар «Жас кәсіпкер» жобасына жастарды тарту мәселесінде өзара әрекеттесуге келісті.

«Нұр-Сұлтан қаласында жоба 22 шілдеде басталады. Бизнес негіздерін игеріп, келешекте кәсіпкер болғысы келетін 18-29 жас аралығындағы жастарды жобаға қатысуға шақырамыз. Оқыту елорданың 4 ауданындағы 15 оқу сыныбында практикалық жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезіндегі білгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындар ды қолдана отырып «Атамекен» ҰКП әзірлеген материал базасында жүргізіледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Елордалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Бақдәулет Жанділдаев жобаның өзектілігін атап өтті.

 «Жастар арасында жеке кәсіп ашып, осылайша армандарын жүзеге асырғысы келетіндер көп. Бұл жас кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік болады деген сенімдемін», – деді Бақдәулет Жанділдаев.

 Естеріңізге салсақ, жобаның міндеттері кәсіпкерлік қызметке жастарды жаппай тарту, келешекті кәсіпкерлік идеяларды іріктеу, практикалық оқыту және бизнес жүрігзуге қажетті дағдыларды игеру, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау.

 Жобаға қатысу жастарға кәсіпкерлік негіздерін оқу, өзіне қажетті ниша табу, жеке бизнес ашу, сондай-ақ, 200 АЕК (505 мың теңге) көлеміндегі грант немесе жеңілдікпен несие түрінде бастапқы капитал алуға мүмкіндік береді.

 Жобаға қатысу үшін жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасын (egov.kz) өткізіп, жобаға қатысу өтінімін жолдау қажет.

 Құжаттарды қабылдау мен консультациялар алу мына мекенжай бойынша жүзеге асады:

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Республика д-лы 24, «Парасат» БО, байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 87 (ішкі: 7172, 7173)

Ақпарат алу үшін сіздер, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП call-орталығына 1432 (Қазақстан бойынша тегін)  хабарласа аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер