astana-view

Хромтау ауданының тұрғыны «Бастау» жобасы арқылы тігін ісін ұйымдастырды

2019 жылғы 18 Шілде
- Ақтөбе облысы
5000 просмотров

Бөгетсай ауылының тұрғыны Даража Маханалинаның сүйікті ісі – тігіншілік.

Осы кәсіппен ол алғашқы рет мектептегі еңбек пәнінде танысқан: сол кезде Даражаның өзіне арнап тіккен алжапқышы сыныптас құрбыларына қатты ұнады. Тігіе ісі бойынша арнайы курстарды Даража бітірмеген, осы салада арнайы мамандығы да жоқ. Ол көп жылдар бойы жергілікті дүкенде сатушы болып қызмет еткен.  Соңғы жылдары арқасына жарақат алған Даража ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге мүмкіндігі болмады. Әйелдің 3 топтағы мүгедектігі бар.

Алайда мүгедектік толыққанды өмір сүруге кедергі болған жоқ, ол тігін ісін қолға алды. Даража ұлттық нақышта киім үлгілерін, көрпе-жастық, қалыңдықтың жасауын тігеді. Өз қолымен тіккен бірегей бұйымдардың санына жаңылысқан шебер тігіншілік – бас тартуға болмайтын сүйікті ісім дейді. Осы жылдар ішінде Даража Маханалина керемет көйлектер мен әсем көрпелерді тігіп қана қоймай, оларды сатып та үйренді.

 Кәсіпкер әйелде тұрақты клиенттері көп емес – шамамен оншақты ғана, алайда тігіншілік тұрақты табыс көзіне айналып келеді.

  «Барлығы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде «Бастау» жобасына қатысудың арқасы. «Атамекенге» маған бизнес негіздерін оқытып, бизнес-жоспарды құруды тіп, жеке кәсәпкерлікті ұйымдастыруға көмектескендері үшін алғыс білдіремін», – деді Даража Маханалина.

 Ал заманауи тігін машинасын сатып алу кәсіпкердің арманы болатын. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы кәсіпкер жаңа тігін машинасы, пішу машинасы, арнайы үстел, маталар, сентепон және басқа да тігіншілікте қажетті фурнитураны сатып алды.

  «Мен үйде босқа отыра алмаймын, үнемі тіккім  келеді. Мен жасаған бұйымдар адамдардың көңілінен шығуда. Мәселен, көрпелер, қалыңдық көйлегі, камзолдарға тапсырыстар көп. Бәрін тігемін, ешкімнің өтінішін жерге тастамаймын. Ал бастапқы кезеңде тіккен дүниелерді туыстарыма зор ынтамен тігіп жүрдім», – дейді кәсіпкер.

 Әдемі, келісті киім үлгілері мен көрпелерді көрген туыс-жақындар, таныстар Даражаға тапсырыс бере бастады. Көршілер де балақ қысқарту, белдемшенің мөлшерін азайту сынды ұсақ-түйек тапсырыстарды жасап отырады.

 Даража Маханалина тігін тігу, кесте тігу – кез келген әйел білуі керек іс деп санайды. Өзінің білгенін ол қыздарына да үйреткен. Енді тігіншілікті ауылда үйренгісі келетіндерге де үйретпек.

 Жеке кәсіпкерлікті тіркеген соң, шебер қасына Бөгетсай ауылының бір келіншегін жұмысқа алды. Бизнесті кеңейту, үйден бөлек жерде ателье ашып, бірнеше жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

2019 жылдың басынан Хромтау ауданы бойынша «Бастау» жобасы шеңберінде 120 адам оқып шықты, соның ішінде 100 адам бизнес-жоспарын қорғап алды. 2018 жылы 181 оқып шыққан адамның 54-і жеке кәсіп ашқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер