astana-view

«Бастау Бизнес»: жеке кәсіп ашуға ынта зор

2019 жылғы 19 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
9543 просмотров

Жеке кәсіпті ашу жолында мемлекеттік қолдауға Қазақстанның кез келген азаматы, егер ынта таныста қол жеткізе алады

 Мемлекеттік қолдаудың басым бөлігі тегін беріледі. Кәсіпкерлік негіздеріне оқу, ары қарай жеңілдікпен несие алу, тіпті қайтарымсыз қаражат көп балалы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, мүмкіндігі шектеулі жандар,  NEET категориясындағы жастар және жұмыссыз адамдарға беріледі. Бастысы ынта танытып, әрекет еткен жөн!

 ШҚО кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасының қаржылай емес қолдай көрсету операторы. Ал қатысушыларді іріктеуді ШҚО Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзігі асырады.

 Оқу курсына кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері, салық салу режимдері, маркетинг, сәйкес өңірде сұраныстағы жобалар туралы, қаржыландыруға қажетті құжаттар туралы ақпарат беріледі, нарықты маркетингтік зерттеу жүргізіледі, бизнес-жоспар құру бойынша жеке консультациялар беріледі. Оқудың жалпы ұзақтығы 80 сағат, жеке консультациялардың жалпы ұзақтығы 1 топқа – 120 сағатқа дейін мерзімді құрайды.

 «Бастау Бизнес» жобасы оқу бойынша қытысушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Оқу аяқталған соң ШҚО ӨКП филиалдары жанындағы аудандық комиссиялар қатысушыларды бизнес-қорғау кезеңіне қабылдау бойынша шешім қабылдайды. Бұдан кейін жеңілдікпен несие алу немесе грант алу үшін комиссия алдында бизнес-жобаларын қорғайды.

 ШҚО-да 2017 жылы «Бастау» Бизнес» жобасымен 7 ауданда 1313 адам оқыды, 267 жоба қаржыланды. 2018 жылы 2895 адам оқыды, 737 жоба қаржыландырылды. Оқу өңірдің 15 ауданы, 2 қала және 4 моно қаласында өтті.

 Биыл оқу 15 ауданда 2 қала және 4 моно қалада өтуде. 2018 жыл 14 наурыздан бастап 1400 адам оқуын аяқтады. Бизнес-жоспарларын 1204 адам қорғап шықты

 ШҚО ӨКП бизнес-тренері Адина Қасенованың айтуынша, курсқа жұмыссыздар пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көп келеді, қалған 20% – жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер.

 «Адамдар бір-бірімен танысады түрлі ойындар ой-талқы жүргіземіз.  Бұл, қызықты! Биылғы жылдың бірінші легіндегі 1-топтың ынтымағы жарасып бір-бірлеріне көметесіп, қолдау білдіруде жеке чат ашып, тығыз байланыс орнатқан. Осылайша адамдар бірі-біріне қол ұшын беріп, тәжірибе алмасып, білмегенін сұрап, білгенімен бөлісіп, кәсіптерін дөңгелетіп, даму үстінде», – деді  Адина Қасенова.

 «Кәсіпкерлер палатасына қатысушылар қаржыландыруға ғана келмейді, көбі бизнесті жүргізуде оқып алып, сервистік қолдау алғысы келеді, мысалға «Бизнес Бастау» жобасы 1 легінің қатысушысы Наталья Савельева сервистік қолдау алып, оқу оқыды.

«Мен өз кәсібіме қажетті құралдарды қолдандым, сервистік қолдау алуды үйрендім. Мен шығындарымды құрылымдау, негізгі ресурстар мен құндылықтарға ажырату және клиенттермен қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды үйрендім. Оқу үдерісінде мен қарастырған қызмет түрі – денеге қынамен сурет салу. Оны мехенди деп атайды. Бұл қызмет түрі жақсы сұраныста, клиенттерімді Инстаграм mehendi_sanata парақшасымен табамын. «Бастау Бизнес» арқылы көптеген мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат алдым»,– деді  Наталья Николаевна.

2019 жылдың 1 легінің түлегі рюкзак-трансформерлерді тігеді,  арқа дорбасын сөмке ретінде де ұстайға болады. Гранттық қаражатқа келіншек Алматыдан тігін машиналарын, ауыр маталарды сатып алды, Өскемен қааласындағы бутик иелерімен өнім жеткізу бойынша келіссөздер жүргізді.

«Оқу бизнес-процестерге үйредеті, қорықпау керек. Мен дизайн мен экология тоғысында зат шығарғым келеді. Қайталама шикізатты пайдалансам ба деймін. Жалпы тұтынудың дұрыс тізбегін қалыптастырғым келеді», – дейді Анастасия.

Үшінші лектің түлегі Ролан Әділханов қолданыстағы бизнесін кеңейту мақсатында оқуға қатысты. Қазіргі таңда ол монша кешенін салуға  жеңілдікпен немсие алуға үміткер. Жоба екінші деңгейлі банктен мақұлдау алды.

 «Бизнеспен айналысқым келеді. Оқу кезінде өзіме пайдалы білім алдым. Салық саласы, жарнама, менеджмент, сату бойынша құнды ақпарат алдым. Мамандардың пікірін тыңдау қызықты болды», – деді Ролан.

 ШҚО бойынша оқудың келесі легі күзге жоспарланған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер