Қазақстанда сұйытылған газды өткізу және тұтыну жөнінде жаңа ережелер қабылданды
29 шілдеден бастап газды жеткізушілерден сатып алатын коммуналды-тұрмыстық тұтынушылар үшін 100% алдын ала төлем жасау тоқтатылады, сонымен қатар газ көлемін артық жұмсау және аз жұмсау үшін айыппұлдық санкциялар жойылады
Кәсіпкерлік қызмет жүргізуде тауарлық газды ары қарай өткізуді көздемей сатып алатын шағын және орта бизнес субъектілерінен (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар) келіп түскен шағымдар ауқымы заңнаманы қайта қарауға себеп болды. «Атамекен» көмегіне жүгінген бизнес өкілдері келісімшарттағы шарттармен келіспейді. Шарттарда газды жеткізу 100% (аванстық төлем) алдын ала төлеу бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, алдын ала төлеу жүргізілмесе, жеткізуші кәсіпкерге өсімақы тағайындайды.
Ережелерде тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін ғана ай бойынша әркелкі төлеуге рұқсат етілген, осыған байланысты коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен газ көлемін артық тұтыну және аз тұтыну үшін төлем жасауды қарастыратын шарттар жасалған.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Мәселені шешу мақсатында түрлі деңгейде жұмыс жиналыстары ұйымдастырылды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 бұйрығына тиісті түзетулер енгізілді. Қабылданған түзетулер коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларға нақты тұтынған газ көлемі үшін төлеуді ғана көздейді, бұл ҚР Азматтық Кодексінің талаптарына сәйкес келетін шара, сонымен қатар түзетулер газ көлемін тәуліктік нормасынан артық жұмсау және аз жұмсауға айыппұлдық санкциялар алынып тасталды.
Түзетулер ҚР Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі №241 бұйрығымен енгізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: