astana-view

Жүк тасымалдаушыларға утилизациялық алым кедергі келтіруде

2019 жылғы 26 Шілде
4216 просмотров

 «Атамекен» алаңында көлік бақылауы, рұқсат жүйесі және қозғалмалы составты жаңарту мәселелері талқыланды

Отандық тасымалдаушыларды үшінші мемлекеттерге (ден) – Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстанға шетелдік рұқсат бланктармен, сонымен қатар «С» түріндегі Қытай рұқсаттарымен қамтамасыз етуді талқылау кезінде қызу пікірталас туды.

Паритетті алмасуға сәйкес отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттардың барлық бланкілерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен беріледі және рұқсаттар сапар аяқталған оң бір ай ішінде аумақтық органға қайтарылуы керек. Алайда іс жүзінде ісін адал жүргізбейтін тасымалдаушылар бланктерді алған соң, оларды тасымалды жүзеге асыру үшін қолдаңбайды, осылайша нарықта баланктердің жасанды тапшылығы түзеледі. Адал кәсіпкерлер жұмыссыздық қатерінде қалуда.

 «Тасымалдаушылардың үштен бір бөлігі жұмыссыз қалды, бұл комитетте бірқатар шетелдік рұқсаттардың болмауымен байланысты. Бүгінде тасымалдаушыларда келісімшарттық міндеттемелер бар, алайда рұқсаттардың болмауы себепті, шарттар орындалмай жатыр. Көліктер тұрып қалып, компаниялар бір жылға жұмысты жоспарлай алмай отыр. Мәселен, Ресейге рұқсаттар жеткілікіз, ал орган қайтарылмаған рұқсаттарды алға тартып, қосымша рұқсаттарды беруден бас тартуда. Біз қазір қайтарылған, бірақ пайдаланылмаған рұқсаттарды да кәдеге жарата алмай отырмыз, өйткені бланкілерде компаниялардың заңды мекенжайлары жазылып қойған. Ресейде қайтарылған, бірақ пайдаланылмаған рұқсатты қолдану практикасы бар.  Бұл ретте жауапты органның мөрі ғана керек (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті – ред)», – деді  «NAVIS» ЖШС көлік компаниясының директоры Алексей Исаков.

Кәсіпкерлер 2019 жылға қосымша бланктермен алмасу үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен кездесуді ұсынды. Келешекте бизнес өкілдері  бланкілерді беруді тоқсан сайын бөлу, оларды беруді қатаңдату және бақылауды қарастыруды ұсынады, бұл шара рұқсаттарды қайта сатумен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаменті директорының орынбсары Мұрат Әмрин бланктердің ағымдағы квотасын ұлғайту – отандық тасымалдаушыларға қатерлі екенін атап өтті.

 «Бұл мәселені талдау жасап барып шешу керек. Өйткені ресейлік тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін көбейту салдарынан көлік қызметтерінің халықаралық нарығында отандық тасымалдаушылардың қатысу үлесі төмендеу қатері бар», – деп жауап берді Мұрат Әмрин.

Сондай-ақ кәсіпкерлер «неғұрлым көп жалға алынған көліктер, соғырлым аз карточкалар» қағидаты бойынша коэффициентті төмиендетуді енгізуді ұсынды.  

 «Өкінішке қарай, бірде бір машинасы жоқ көлік компаниясы халықаралық тасымалдауларға рұсат алады. Компания қозғалмалы составқа  жалға алынған автомобильдерді қосады, ал бұл көліктер шын мәнінде тасымалдауларға қатыспайды, сондай-ақ жалған келісімшарттар да кездеседі. Алайда тасымалдаушы нарықта тапшы өзбек және ресейлік рұқсаттардың үлкен ауқымын алады да, оларды сатады. Интернетке кіріп, қарап көріңізші, олардың қайда сатылып жатқаны баршаға мәлім», – деді Алексей Исаков.

Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев комитет тасымалдаушылардың, соның ішінде жалдамалы вагондардың арасында бланкілердің бөлу бойынша талдау жүргізіп жатқанын айтты. Маманның айтуынша, жуық арада рұқсаттарды беру бойынша бағдарлама енгізілмек.

 «Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасының шетелдік рұқсат бланкілерін электронды түрде тарату бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Тура осылай польшалық рұқсаттар бойынша пилотты жүргізудеміз, осылайша қағаз құжатты жоюдамыз. Бұл шара сыбайлас жемқорлық салдарын азайтып, тасымалдаушылар арасында адал емес бәсекелестікті жояды», – деп атап өтті Данияр Қоспабаев.

  Отандық тасымалдаушылардың тағы бір мәселесі толық массасы 12 тоннадан 20 тоннаға дейін N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартпақ)  және толық массасы 20 тонннадан бастап 50 тоннаға дейін борттық көліктер үшін   утилизациялық алым коэфициентін 11 дейін азайту қажеттілігі. Бұл туралы жиын барысында «A.T.Logistics» ЖШС бас директоры Павел Телицын айтты. Оның айтуынша, утилизациялық алымның жоғары ставкалары парктің жаңару процесін тежеуде.

 «Осы категориядағы көліктер үшін утилизациялық алымның мөлшері утилизациялық алымның базалық ставкасына коэфициент қолданумен анықталады, сәйкесінше 21 және 41. Осының бәрі паркті толықтыруға кері әсер етеді және отандық тасымалдаушылардың тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Жаңа жүк көлігінің құны тым қымбат, сондықтан 3 жылдан жоғары көліктерді сатып аламыз. Мемлекет  бізге жүк тасымалдауға, біздің ел экономикасын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуімізге қолдау көрсетуі керек. Әйтпесе, ел ішінде ресейлік, беларусьтік және басқа елдің операторлары жұмысі істейтін болады, бюджетке салықтар түспейді, салықтар басқа елдің қазынасын толтырады», – деді Павел Телицын.

Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева утилизациялық алым мәселесі екі жыл бойы көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

 «Ұзақ мақұлдаулардан кейін Бұйрыққа түзетулер енгізілді, КазАто қалауымен  20 тоннадан 50 тоннаға дейін   ершікті тартпақтар үшін коэфициент 17-ден 11-ге дейін төмендетілді. Бекіту және мақұлдау бойынша барлық процедуралар қатаң орындалды. Осы ретте тасымалдаушылар атап өткен басқа да позициялар бойынша бірақатар мәселелер бар», – деді Анар Мақашева.

 ҚазАТО президенті Мақсат Сақтағанов қауымдастық түзетулер енгізуге рұқсат бермегенін және аталған Ережелер тасымалдаушылар позициясын екере отырып, қайта қарау қажет екенін алға тартты.

Жиынды қорытындылай келе қатысушылар халықаралық тасымалдау дамуына талдау жүргізуге, көлік компанияларының өкілдерін қоса отырып, жұмыс тобын құруға және Атамекен алаңына жиналуға келісті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер