astana-view

Бизнесмендер «Жас кәсіпкер» жобасының тыңдаушыларына пайдалы кеңестер берді

2019 жылғы 29 Шілде
6852 просмотров

Іш пыстыратын теориясыз нақты кейстерді қолдану. BASTA алаңында  «Жас кәсіпкер» жобасы тыңдаушыларының бизнесмендермен алғашқы кездесуі осындай ұранмен өтті

«Жас кәсіпкер» өз тиімділігін көрсеткен «Бастау» жобасына ұқсас білім беру жобасы.  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша,  бағдарлама халық арасында сұранысқа ие, ал өңірлердегі кәсіпкерлердің кәсіп бастаудағы мысалдары, бизнес негіздерін оқуға талпындырады.

 «Маған ұнайтын үздік мысал:  Маңғыстау облысында 72 жасар әже «Бастау» жобасын аяқтаған. Ол кісі наубайхана ашып, өзінің барлық ұлдары мен қыздарын, келіндерін жұмыспен қамтыған. Бір баласы нан илейді, біреуі нанды күлшелейді, біреуі пісірсе, енді бірі нанды дүкендерге жеткізеді. Бизнес бұл міндетті түрде  Google немесе Microsoft емес, бұл сен ауыл тұрғындарының мәселелерін түсіне бастаған кездегі айтарлықтай қарапайым нәрселер», – деді Олжас Ордабаев.  

«Аталған жобаны қатысушылар нақты кәсіпкерлермен танысуы үшін іске қостық. Табысты кәсіпкерлер тыңдаушыларға пайдалы кеңестер беріп, қателіктер туралы да ақпарат береді, сонымен қатар сұрақтарға жауап береді», – деп атап өтті ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро қаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.  

 BASTA диалог алаңын ресми ашу және «Жас кәсіпкер» жобасының алғашы легі қаитысуышларына дәріс оқу мәртебесі Naimi.kz компаниясяның негізін қалаушы Мағжан Мәдиев және Rocket Study ағылшын тілі мектебінің құрылтайшысы Арслан Дәрімовке бұйырды.

 Мағжан Мәдиев олар digital-агенттік және клининг сервисінен кейін тұрмыстық қызметтер бойынша жеке мамандарды іріктеу алаңын құрып, 1 млн АҚШ доллары көлемінеде инвестицияға қала қол жеткізгендері туралы айтты.

 «Бірден айтайын, стартап – бизнестің классикалық моделі емес. Біз бұны түсінбегенше, «өлі далада» жүрдік, яғни жабылу алдында тұрдық.  Төрт жыл өткен соң 2018 жылы компаниямыз өз шығынын өзі өтей бастады. Біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар. Біз инвестицияларды тартқан соң бірден кеңсе жалдадық, адамдарды жұмысқа алдық, кейін шығындарымыз компания табысынан артық екенін түсіндік»,– деді Мағжан Мәдиев.

 Кәсіпкер дұрыс әрекет ету қажеттілігін айтты.

«BASTA – танысу мен қоғамдастық құрудың алаңы. Сіздерде кәсіпқой қарым-қатынастар және әлеуметті тұтынушылар желісін құруға жақсы мүмкіндік бар», – деді кәсіпкер.  

 Дизайн және бизнеке әдемі атау табуды екінші кезекке қойып, бірінші кезекте бұл кәсіпті не үшін бастадым және клиентіме қалай көмектескенім дұрыс болатынын ойлау керектігі жайында Rocket Study ағылшын тілі мектебінің құрылтайшысы Арслан Дәрімов өз ойымен бөлісті.

 «Басты ерекшелігіңіз неде және клиентіңізге не бере алатыңызды түсінуіңіз керек. Осыны шешіп алмасаңыз, барлық жұмсаған энергияңыз бен ақшаңыз зая кетеді. Өз мектебіміді іске қосуда мен әдемі атау туралы көп ойлап, жеке ерекшелігім жайында кеш түсініппін», – деді Арслан Дәрімов.

   Кәсіпкердің айтуынша, бизнесте ең маңыздысы әрі қиыны – масштабтау, өйткені, жұмыс үдерісінде үнемі білікті мамандар үздеуге тура келеді.  

Бұдан бөлек, кездесу барысында тыңдаушыларға Atameken Academy білім беру платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. Арслан Дәрімовтың айтуынша, платформаның мақсаты – кәсіпті неден бастауды білмейтін жастарға  білім беруді тиімді контенін ұсыну.

 «Біз бірігей алаңды құруды қалаймыз, онда оқып қана қоймай, жоба серіктестерінің әлеуетті қызметкері атануға болады», – деді кәсіпкер.

 «Жас кәсіпкер» жобасы тыңдаушыларына арналған BASTA алаңы әр демалыс күндері жұмыс істейтін болады, сонымен қатар аталған алаңдар Қазақстанның басқа өңірлерінде де іске қосылмақ.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер