astana-view

«Атамекен» бизнесмендерді offtake-шарттарына өтінім беруге шақырады (2019 жыл 14 тамызға дейін)

2019 жылғы 31 Шілде
4300 просмотров

«Атамекен» келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал  болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:

№ р/б

ТЖҚ БНА коды

Өнім

Қысқаша сипаттама

Тапсырыс беруші

1

262011.100.000002

Компьютер

Дербес әмбебап, есептеуіш және мультимедиамен жұмыс істеу бойынша көптеген міндеттерді шешуге бағытталған. Күрделі есептеулермен жұмыс істеу кезіндегі жоғары өнімділік.

Самұрық-Қазына

2

262013.000.000011

Ноутбук

мультимедиялық, диагональ кемінде 15 дюйм, өнімділігі жоғары

Самұрық-Қазына

Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.

Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 14 тамызға дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 10 жұмыс күн).

Бұдан басқа, «таза импорт» тауарлар пулынан басқа өнімдер бойынша оффтейк-шарттар жасасу мүмкіндігі туралы еске саламыз.

Толығырақ – services.atameken.kz Кәсіпкердің бірыңғай терезесінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер