astana-view

Сот «Happy Cake» кәсіпорнына қатысты жүргізілген тексерулерді заңсыз деп таныды

2019 жылғы 01 Тамыз
4127 просмотров

Happy Cake кондитерлік кәсіпорны қиын жағдайды өткерді, өйткені кәсіпорынға шығарып жатқан өнімінің сапасын сот тәртібінде дәлелдеуге тура келді

Happy Cake балкүлшелерінің тарихы 2013 жылы басталды. Солтоновтар отбасы тапсырыстарды үйден орындап, балкүлшелерді Instagram арқылы сатып отырған. Уақыт өте келе кәсіп жолға қойылып, елордада дүкендер желісі ашылып, кеңейтілді. Бизнес сәтті дамыды, өнімнің сапасы мен дәміне көңілі толған клиенттердің ауқымы қалыптасты.

 Алайда 2018 жылы компанияда алғашқы рет мәселелер туындады – Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  басқарамасы оларды эпидемиялық маңызы бар объект деп таныды. Ал 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Happy Cake компаниясына қатысты тексерулер басталды. Соның нәтижесінде бұзышулықтарды анықтау туралы санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі шығарылды және оларды жою туралы ұйғарым берілді.

 Өз кезегінде кондитерлік кәсіпорнының иесі  тексеру заң талаптарын өрескел бұзу арқылы жасалғаны,  улану жайты және кәсіпорын өнімі арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқтығын алға тартып, аталған актіге қатысты наразылық білдірді. Сот даулары арасында прокурор өтінімді ішінара қанағаттандыру туралы қорытынды шығарды.

 Осы ретте объектіге барып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау егер оны бақылау және қадағалау органы бұзушылықтармен орындаса заңсыз деп саналады.

 Тексеру жүргізуге өздерінің ауырып қалғандарын  Happy Cake шығарған «Птичье млоко» балкүлшесін сатып алғанымен байланыстырған 4 адамнынң шағымы негіз болған. Алайда зерттеу барысында осы кезеңде (2019 жыл 14 сәуір 27 мамыр аралығы) шағымдар түспегені анықталды. Бұдан бөлек сотқа зардап шеккен адамдардан нотариалды рәсімделген өтінімдері берілді, онда олар мемлекеттік органдарға жүгінбегендерін, Happy Cake компаниясына кінарат-талап жоғын жеткізген, өйткені уланы мүлде басқа өнім түрінен болған.

Осылайша  жеке тұлғалардың тіркелуі мен шағымдарының болмауы заңды тұлғаға тексеру жүргізудің негізі жоғын білдіреді.

  Бүдан бөлек Басқарма санитарлық-эпидемиологиялық қызмет талаптарынан асып түсті. Олар кәсіпорында жеке орынжайлар, тоңазыту жабдығы бар қойма, жұмыртқаны өндіріске дайындауға қажетті үш бөлменің жоғын – бұзушылық ретінде көрсеткен.

Кәсіпкерлік кодекстің 151-бабына сәйкес Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеруді   кезiнде өнiм үлгiлерiн   өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға құқылы емес. осы шектеуді бұзу тексеруді заңсыз деп табуға әкеп соғады. Аталған заң нормаларының талаптарына сәйкес объектіде іріктеу хаттамаларын жасамады және іріктеу рәсімі бұзылды, бұл серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкелді.

 Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісіне сәйкес тексеру кезеңінде ішек жұқпалы аурумен 4 жағдай тіркелді, медициналық көмекке 9 адам жүгінді, оларда да өз ауруларын Happy Cake кондитерлік өнімін тұтынғанымен байланыстырады. Зардап шеккен барлығы – 13 адам. Түпкі диагноз – сальмонеллез. Арнайы ресми зерттеу бір де бір оқиға бойынша инфекция ошағын таппады.

 Басқарманың кондитерлік торт сальмонелла бактериясын жұқтырушы факторы болуына қатысты дәйектері назарға алынбады, өйткені аталған торт қандай көздерден инфекцияны жұқтырғанын зерттеумен  белгіленбеді.

 Бактериялық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес объектіде алынған үлгілердің бірде біруінде сальмонелла анықталмады. Бактерия тамақ өнімдерінен, сыртқы ортадан шаю жолдарынан, судан да табылмады.

 Мамандар – микробиологтар, биологиялық ғылымдар докторларының пікірінше, торттың ЖШС нысанында бактерияны жұқтырып алуы мүмкін емес, өйткені кәсіпорыннан алынған үлгілерде сальмонелла анықталмаған.  

 Нәтижесінде сот «Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  басқарамасы» РМК-ның Happy Cake кәсіпорнына қатысты тексеру бойынша әрекетін және тексеру нәтижесін заңсыз деп таныды.

 Happy Cake  кондитерлік кәсіпорнына қатысты ситуация Қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қайта қарауға себеп болды. Қоғамдық тамақтану саласында және тамақ өнімдерін шығару өндірісінде  санитарлық ережелерді тексеру мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП-да дөңгелек үстел барысында қаралды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер