astana-view

«Жас кәсіпкер»: Алматылық студенттер шешендік өнерге  қабілеттерін шындады

2019 жылғы 01 Тамыз
- Алматы қаласы
3910 просмотров

Кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасына қатысушылар шешендік өнер бойынша кәсіби тренердің шеберлік сабағына қатысты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен  «Тұран» университетінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасының қатысушаларына арналған шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде «Soft Skills Qazaqstan» компаниясының негізін қалаушы, 10 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы Владимир Кущенко сөз сөйледі.

«Бүгінгі бағдарламада біздің тыңдаушыларымызға арнап шешендік өнер, көшбасшылық, келіссөздер дағдылары, Soft Skills бағдарламасының аудиториясын және басқа да тақырыптар бойынша  тренинг өтті.  Бұл дағдылар болашақта жас кәсіпкерлерге өз-өзіне деген сенімділікті арттырып, өз жобаларын табысты жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін», – деп мәлімдеді Әуезов ауданының аға жаттықтырушысы Ермек Жұмағұлов.

Шеберлік сабағына Әуезов ауданындағы 7 топтан 125 адам қатысты.

«Мен Алматы қаласында тұрамын және қазіргі уақытта жұмыссыз азаматпын. Жұмыс таба алмай жүргеніме де біраз уақыт болып қалды. Мен осы бағдарлама бойынша білім алып, кәсіпкерлікпен айналысқым келеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналысуыма мүмкіндік туып отыр», – деп айтты «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы Дастан Есет.

Естеріңізге сала кетсек, «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың 24 шілдесінде басталды. Мақсатты аудиториясы – 18-29 жас аралығындағы NEET категориясындағы жастар, жас кәсіпкерлер, мектеп, колледж және университет түлектері, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер.

Қатысушылар бизнестің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, 200 АЕК (505 мың теңге) грант түрінде бастапқы капиталды, 8000 АЕК-ке дейінгі сомаға жылдық 6%-бен жеңілдікпен несиені алу мүмкіндігіне ие болады. Қатысушыларға 19 273 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Оқыту Алматының барлық 8 ауданында Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген тәжірибелік тапсырмалар, кейстер, іскерлік ойындар қамтылған материалдар негізінде 32 оқу сыныбында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер