astana-view

Шетелдік тауарларды сатып алуға қатысты тыйым тағы үш салаға енгізіледі 

2019 жылғы 02 Тамыз
4066 просмотров

Мемлекеттік сатып алулардан шетелдік тауарларды алып тастау механизмі  «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөнінде жол карталарына енді

2019 жыл наурыз айында ҚР Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын: жеңіл өнеркәсібі және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіруді дамыту жөнінде барлық жол карталарына тауарларды алып тастауды енгізу бойынша «Атамекен» Ұлттық кәіпкерлер палатасының бастамасын қолдады. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен бірлесіп, жеңіл өнеркәсібі, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарында тауарлар тізімін анықтады, сәйкес негіздемелер де дайындалуда. 

«Атамекен ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Арман Мәмбетовтың айтуынша, бизнесмендер 2015 жылдан бастап мемлекеттік органдарға сатып алулар жүйесінде жергілікті қамтудың үлесін арттыру ұсынысымен бернеше рет өтінім жасаған.  

«Бірінші кезекте біз ішкі нарықты қорғауды, отандық өнімді қолдауды көздеп отырмыз. Алып тастау – бұл рұқсат етілген халықаралық механизм. Бизнес және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысымен 2018 жылы Жергілікті қамтуды дамыту бойынша жол картасына алып тастауды енгізу мәселесін қарау жөнінде пункті енгізуге қол жеткізілді», – деді Арман Мәмбетов.

Бұдан бөлек, бизнес-қоғамдастықтың ұсынысымен 2018 жылы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында екі жылдан артық емес мерзімге ұлттық режимнен алып тастау механизмін енгізу құқығы қосылды. 

Айта кетелік, шілде айының соңында Қазақстанда шетелдік авто, трансформаторлар мен кабельдерді мемлекеттік сатып алулар процедураларында алып тастау құралы енгізілді. Қазіргі таңда бизнес өкілдерінен басқа тауарлар бойынша ұсыныстар көптеп келуде. 
 

Сұрақтар болса, Өңдеу өнеркәсібі департаментіне хабаралсуды сұраймыз: +7 (7172) 919 328.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер