astana-view

Жекеменшік дәріханаларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосу мәселесі қаралды

2019 жылғы 02 Тамыз
7366 просмотров

«Атамекен» алаңында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде электронды денсаулық сақтауды дамыту мәселесі жөнінде жұмыс басталды

Отырыс барысында медициналық ақпараттық жүйелерге ең төмен талаптар және жеке дәріханалық ұйымдарды электронды денсаулық сақтау жүйесіне қосу мәселелері көтерілді. Осыған дейін Қазақстанда медициналық жүйелерге талаптармен 16 модуль жұмыс істеген. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі талаптарды оңтайландырып, профильдер бойынша бөлуді ұсынды.  

«Біз талаптарды түбегейлі өзгертіп, модульдер және олардың функциясына басымдық бермейміз деп шештік. Басты назар ұлттық профильдерге аударылады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің маманы Жания Нұрғалиева.

Министрлік міндетті және қалаулы талаптарды қамтитын 7 профиль құруды ұсынады. Мәселен, жалпы талаптар, емхана және станционар. Сонымен қатар дәріхана және зертхана профильдері пайда болды.  

 Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева бизнес өкілдері профильдер бойынша бақылау жүйесіне алаңдаушылық танытып жатқанын айтты.

«Профильдер бойынша талапатар міндетті және қалаулы деп бөлінген. Бірақ, әдетте өкілетті орган тексеру жүргізген кезде қалаулы талаптар міндетті талаптарға айналатынын білеміз. Сонымен қатар бизнес медициналық ақпараттық жүйелерге жаңа талаптардағы бақылау процесіне алаңдайды, бұл шара бизнес үшін қаншалықты шығынды», – деп сұрады Юлия Якупбаева.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев бағалау мәселесі әзірге әзірленбегенін айтты. Алайда, жаңа кодекс жобасында ақпараттық жүйелерді сертификаттау нормасы қарастырылған.

«Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз. Бізде сертификаттауды жүзеге асырудың бірнеше нұсқасы бар. Сертификатты біз әзірлеген тұжырымдама бойынша жүргізу немесе аталған процесті өзін-өзі реттейтін ұйым тексеру жүргізіп қорытынды шығаруы үшін нарыққа беру», – деді Бейбіт Есенбаев.  

 Қатысушылар коммерциялық дәріханаларды электронды денсаулық сақтау жүйесіне енгізу мәселесін қызу талқылады.

«Қазіргі таңда жүйеге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет атқаратын медицианлық мекемелер жанындағы дәріханалар қосылды. Осы ретте коммерциялық дәріханалардың рецептерді электронды түрде беру жүйесіне қосылуы халықты дәрі-дәрмекпен қамтудың қолжетімділігін арттырады, медициналық мекемелерде медициналық персонал, фармацевтердің қызметін жеңілдетеді, сондай-ақ рецептерді міндетті сақтау бойынша мәселені шешеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Алена Романова.

«Коммерциялық дәріханалар тысқары қалды. Сондықтан жеке дәріханаларда олар қашан жүйеге қосылады әрі осы процесті қалай жеделдетуге болады деген сұрақ туып отыр», – деді «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ президенті Марина Дурманова.

 Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, қолданыстағы жүйеге ақылы дәрі-дәрмектерге рецептерді енгізу әзірге мүмкін емес.

 «Біз тестілеу өткіздік, нәтижесінде бағдарлама жүйеде ақылы рецептілерді есептейтін болсақ, жүйе мұндай жүктемені көтере алмайтынын көрсетті. Сондықтан біз ақылы рецептердің есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдерді зерттеудеміз. Біріншіден, тегін және ақылы рецептер жиналатындай бірыңғай жүйе құру керек. Кейбір жеткізушілер тек ақылы рецептерді қамтитын шешімдерді ұсынып жатыр. Сонымен қатар дәрі-дәрмектің берілуін белгілейтін нұсқалар ұсынылды, онда шекті бағалар мен басқа да ақпаратты есепке алуға болады. Бірақ біз дәріханалар қандай жүйені қолдану керектігін өздері анықтайды деп нақты айтып отырмыз», – деді Бейбіт Есенбаев.

 Егер дәріханада өзінің жеке ақпараттық жүйесі болса, онда жазылған рецептіні көру үшін аталған жүйе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне біріктіріледі. Бұл шара фармацевтке сатып алушы жеке куәлігін көрсеткенде оның атына жазылған рецептіні көруге мүмкіндік береді. Дәріхана жүйеде аталған препараттар берілді деп белгі жасайды.

 Марина Дурманова жүйеде дәрілерді ішінара беруді ескеру керектігін айтты. Сонымен қатар қатысушылар дәрігерлерге дәріханалардағы болуы туралы ақпарат қажет.

 «Көтерілген тақырып маңызды, сондықтан денсаулықтың электронды паспорты, емханадағы медициналық ақпараттық жүйе және Денсаулық туралы жаңа кодексте түзетулерді жекелей қарастырамыз. Бұдан бөлек, қалаулы шараларды қалай дұрыс жазу керек және әр профиль бойынша оңтайландыруларды егжей-тегжейлі қарап шығу керек», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 Естеріңізге салсақ, 2019 жыл 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оны іске қосудағы маңызды құрал – медициналық ақпараттық жүйе болмақ. Жүйе МӘМС жүйесіне қатысушылар арасында жедел ақпарат алмасуды және МӘМС қорының қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды жүйелік бақылауды қамтамасыз етуі керек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер