astana-view

Қазақстанда аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2019 жылғы 06 Тамыз
7548 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта Қазақстан аумағында аяқ киім тауарларын таңбалау бойынша пилоттық жоба жүргізіледі.

Пилоттық жобаның мақсаты – таңбалауды енгізудің мақсатытлығын түсіну мен талдау және оны енгізу арқылы сұр импорт пен контрафактінің мәселесін шеше алауы мүмкіндігін анықтау.

Пилоттық жоба өндірушілерге таңбалау кодтарын тегін үйлестіру арқылы еркін негізде жүргізілуде.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аяқ киім тауарларын таңбалауға қатысатын пилоттық жобаға қатысатын компаниялар тізімін құрап, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлікке жіберді. Тізімге аяқ киім тауарларын өндіруші, сондай-ақ импорттаушы кәсіпорындар кірді («Дархан-МНМ» ЖШС, «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС,  «NAIZA Group» ЖК, «Z-Shoes», «Бизнес сеть 2013» ЖШС және т.б.).

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  пилоттық жобаларды жүргізбей, техникалық-экономикалық негіздемелерсіз және пилоттар нәтижесі бойынша реттеушілік әсерді талдауын жүргізбей міндетті таңбалауды енгізуге болмайтынын  талап еткенін айта кетелік.

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО-да аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау мәселесі қаралуда. Биыл 8 тамызда аталған мәселе Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінің талқылауына салынды.  Міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім жобасының аясында Одақтың әр елі өз аумағында міндетті таңбалауды енгізу мерзімдерін өз бетінше белгілейді деген ереже енгізілді. Осы ретте Ресей Федерациясында аяқ киімді міндетті таңбалау бойынша талап ағымдағы жылдың шілде айында күшіне енді. Қазіргі таңда ресейлік кәсіпкерелер таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуде.

 Аяқ киім өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттау жағдайында отандық тауар өндірушілер аяқ киім тауарын РФ талаптарына сәйкес таңбалауы қажет.

 Трансшекарылқ саудада таңбалаудың механизмі белгісіз екенін ескере отырып (таңбалауды бір тараптан енгізу кезінде), Кәсіпкерлер палатасы биыл 2 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияға орын алған жағдайға қатысты түсіндірме беруді сұрады. Комиссия –  ЕАЭО-да ішкі сауда аясында шешімдердің орындалуын және тауарлардың еркін қозғалуын қамтамасыз ететін ұлт деңгейіндегі орган. Осы күнге дейін Комиссиядан ешқандай жауап келген жоқ.

 Пилоттық жобаға сәйкес СЭҚ ТН 6401-6405 тауар позициясы бойынша импортталатын немесе Қазақстанда өндірілетін аяқ киім тауарлары таңбалауға жатады. Пилоттық жоба барысында таңбаланған тауардың қозғалысын бүкіл тізбек бойынша: айналымға енгізу кезінен (өнідіріс/импорт) тауардың айналымнан шығуына (бөлшек сатушы) дейінгі аралықта бақылау жүргізіледі.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қоғамдастықты барлық бизнес процестерді апробациялау және түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырады. Сонымен қатар таңбалауды енгізуге қатысты мәселелерді Таңбалау мәселелері жөніндегі жобалық алқа отырысында талқылауға болады, онда өкілетті мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде барлық мәселелерді талқылау жүргізіледі.

 Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Экономикалық интеграциялау департаментінен кеңес ала алады:  8 7172 919-373 немесе электронды мекенжайға хат жолдаңыздар: n.issabekov@atameken.kz   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер