astana-view

Таңбалау: артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды

2019 жылғы 06 Тамыз
9663 просмотров

ЕАЭО бизнесінің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Одақта тауарларды міндетті таңбалау мәселесін талқылау мақсатында жиналды

 Ресейлік сегіз қауымдастық пен одақ (Тікелей сатылымдар қауымдастығы, Ресей парфюм-косметика қауымдастығы, РАТЭК Электр және компьютер жабдықтарын өндірушілер қауымдастығы және т.б.) Еуразиялық экономикалық комиссиядан тауарлардың жекелеген категорияларын таңбалауды енгізудің аралық нәтижелері және осы жобаның бизнес жағдайына, оның ішінде Одақтың трансшекаралық нарықтарына әсер ету деңгейі туралы пікір алмасу мақсатында ЕАЭО бизнес-қоғамдастықпен кездесу ұйымдастыруды сұрады.

Таңбалаудың өзекті мәселелері

Биылдың 1 тамызынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Беларусь, Қазақстан және Ресей бизнес өкілдері жиналды. Қазақстандық тараптан 25-тен астам қауымдастық және кәсіпорын қатысты.

Жиынды ЕЭК Ішкі нарықтардың қызмет етуі департаментінің директоры Илья Черный жиынды ашып, тауарларды таңбалауды енгізу – оңтайландыру және бірқатар мәселелерді шешуге, соның ішінде оның ішінде ЕАЭО аумағы арқылы транзит, көліктік бақылау, зергерлік бұйымдардың еркін айналымы, ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету мәселерін шешуге бағытталғанын еске салды.

Жиын барысында бизнес өкілдері таңбалаудың өзекті мәселелерін көтерді, өздерінің алаңдауышылғын және таңбаланған тауарлардың тізімін әрі қарай кеңейту кезінде мүмкін болатын тәуекелдерді айтты.

 Бұл олқылықтарға қарамастан таңбалауды енгізудің оң аспектілері бар. РФ Жеңіл өнеркәсіп одағының төрағасы Надежда Лаптеваның айтуынша, таңбалау электронды сауданы енгізу арқылы тауарларды сатуды тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бизнес арасындағы сенімді арттырады.

Александр Мироненко (Филип Моррис Интернешнл өкілі) өз компанияларында таңбалауды енгізу тәжірибесімен бөлісті және таңбалауды тиімді енгізу үшін толық бақылау алу үшін өндірістен тауарларды айналымнан шығаруға дейін тарату тізбегінде барлық инфрақұрылымның болуы талап етілетініне назар аудартты. Мироненконың пікірінше, эксперименттерді (пилоттық жобалар) жүргізу керек, оларсыз тар шеңберлі орындарды анықтау және оларды шешу бойынша уақтылы шаралар қолдану мүмкін емес.

Парфюмерия және косметика өндірушілер қауымдастығының өкілі Петр Бобровский импортталатын тауарды РФ аумағына кіргізбей тұрып таңбалау туралы талаптарды таныстырды. Берілген ақпаратқа сәйкес, объективті факторлар себепті аталған талап парфюмерлік салада орындалмайды, сондай-ақ бизнеске де, жалпы сала үшін де тәуекелдер әкеледі. Баламалы нұсқа ретінде тауарларды елге кіргізгеннен кейін таңбалау механизмі ұсынылды.

Ресей бизнесі атынан «Данон» Ақ өкілі Татьяна Ткаченко сөйледі. Татьяна Анатольевна жиын қатысушыларына таңбалау бойынша пилоттық жоба шеңберінде «Данон» компаниясында жасалған қорытындылар және есептер нәтижесін айтты. «Данон» Ақ өкілдерінің пікірінше, таңбалау жүргізу кезінде негізгі ұстанатын принцип – өндірістік процеске, өнімнің өзіндік құнына және өнімді жеткізудің жолға қойылған схемаларына кері әсер тигізуді болдыртпау. Алдын ала ақпарат бойныша сүтті өнімге  таңбалауды енгізу кезіндегі шығындар бір ғана «Данон» компаниясына 25 млрд рубльді құрамақ (таңбалау кодтарына ғана кететін шығын).

 Бұдан бөлек, сүт өңдеу саласына өнімді «даладан дастарханға дейінгі» бақылау жүйесі қарастырылған, оның мақсаты «Меркурий» жүйесі шеңберінде орындалуы керек. Бизнестің пікірінше, сала үшін екі жүйедегі қос бақылау орынсыз. Мұндай ситуация айтарлықтай тәуекелдерге толы, соның ішінде  қаржылық ауыртпалық жоғары.

 Іс-шараға «Найк» компаниясының өкілі Дмитрий Вишняков қатысты. Өзінің сөзінде Дмитрий Вишняков әлемнің бірде бір елінде таңбалау жүйесі контрафактімен күрес құралы ретінде қолданылмайтынын айтты. Сонымен қатар ол Ресейде аяқ киімді таңбалауды енгізу тәжірибесі туралы ақпарат берді. Негізгі қиындықтар таңбалауды енгізуге бір мезетті шығындардың (мыңдаған миллион АҚШ доллары) жоғары деңгейіне байланысты, таңбалау кезінде қиындықтар мен проблемалар орын алса,  бірыңғай оператор сұратымдарды 24 сағат ішінде қарастырады, бұл жайт сауда процестерін тежейді, сонымен қатар ресейлік оператордың белгілерді беру үшін алдын ала төлемдерді талап етуі  кедергі, соның салдарынан айналымнан қаражаттың айтарлықтай бөлімін шығару керек.

Ресейлік бизнес тарапынан сонымен қатар Электр және компьютер жабдықтарын өндірушілер қауымдастығының өкілі Антон Гуськов және Ресей фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының өкілі Ольга Пентегова тұрмыстық техниканы таңбалауға қойылатын талаптардың көп болуы және дәрілік заттарды таңбалауға арналған инфрақұрылымның дайын болмауын айтты (НҚА жоқ, ақпараттық жүйе пайдалануға берілмеген).

Таңбалау – ойластырылған шешім

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интерграциялау департаментінің директоры Индира Сәдуақасованың айтуынша, ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдары арқылы тауарларды таңбалау туралы келісім маңызды тәуекелдері ескеру және таңбалауды ойластырмай ензігуді алдын алуға мүмкіндік беретін қажетті нормаларын қамтиды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша Келісімде арнайы тармақша енгізілді, оған сәйке ЕАЭО-да тауарларды таңбалауды енгізу туралы шешім тауарлардың таңбалануын енгізудің орындылығын талдауды қоса алғанда, қажеттіліктің толық негіздемесі (Одаққа мүше мемлекет таңбалауды енгізуден күтетін нәтижелер туралы ақпаратты, негізгі тауарларды немесе осындай тауарларды тұтынушылар тобын көрсетуді қоса алғанда), таңбалауды енгізудің  бизнес жұмысына әсер етуі туралы ақпарат (оның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ықтимал шығындары, тауарлар бағасы мен сәйкестендіру құнының ара қатынасы туралы қолда бар мәліметті қоса алғанда), мұндай тауарларды таңбалаудың технологиялық  мүмкіндіктердің болуы, сонымен қатар осындай тауарларға қолданылатын тауарлардың айналымын бақылаудың басқа жүйелері туралы ақпарат негізінде қабылдануы керек.

Индира Сәдуақасованың пікірінше, Келісімнің нормаларын ұстану және орындауды қамтамасыз ететін Комиссия – ЕАЭО-ның ұлттық деңгейдегі органы  ретінде толық деңгейде және қажетті негіздемелерсіз тауарларды таңбалау жөніндегі бастамаларды ЕЭК кеңесі деңгейінде қайта қарауға жол бермеу үшін өз деңгейінде қажетті күш-жігерді жұмсауы керек. Мұндай шара кездесу барысында бизнес өкілдері айтқан теріс салдардың алып тастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Индира Құрманғазықызы  Комиссияның назарын барлық жұмыс істеп жатқан және әзірленіп жатқан ақпараттық жүйелерге, олардың мақсаттарының қайталануын болдырмау және олардың бизнеске әсерін жаһандық деңгейде бағалауды жүргізу үшін талдау жасауға аударды.  Мәселен, тауарларды бақылау – таңбалау шеңберінде және тауарлар қозғалысын бақылаудың жекелеген бағдарласы шеңберінде (ЕАЭО-да тауарларды бақылау туралы келісім 2019 жыл мамыр айында жасалды),   сонымен қатар Бірыңғай транзиттік жүйе туралы келісім жобаларында  жасалады.

 Қазақстандық бизнес тарапынан Қазақстанның тікелей сатылымдары қауымдастығының өкілі Анастасия Калашникова пікірін білдірді. Оның айтуынша, таңбалаудың тиімділігі бекітілмеген және оны енгізу бағалардың өсуіне әкеп соғады, ал жоғары шығындылық салдары ЕАЭО бизнесінің сыртқы нарықтарда бәсекелестігінің төмендеуіне себеп болады.

 Жиын барысында ЕАЭО бизнес тараптары таңбалау жүйесі әлі де шикі, жетілдірілмеген екенін және бизнес оны енгізуге әлі дайын емес екені айтылды. Міндетті таңбалауды енгізу ағымдағы кезеңде және ұсынылып отырған формада бизнес үшін салдары қиын болуы мүмкін. Бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, мұндай формада жүйенің пайдасынан гөрі зияны көп.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕЭК өкілдері барлық айтылған мәселер мен таңбалауды енгізу бойынша тәуекелдерді, сондай-ақ Ресей Федерациясында тауарлардың жекелеген түрлерін міндетті таңбалауды енгізу бойынша біржақты жұмыс нәтижесінде туындайтын кедергілерді назарға алды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер