astana-view

«Атамекенде» электронды еңбек шарттарын енгізу мәселесі қаралды

2019 жылғы 07 Тамыз
6290 просмотров

2020  жылы Қазақстанда «Электронды еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланған

«Атамекен» алаңында салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері «Электронды еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесін» енгізу, атап айтқанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген реттеушілік әсерді талдау нәтижесін талқылады.

«Есепті жүргізу – жұмыс берушінің қызметін жеңілдетуге бағытталған. Жүйе еңбекке тұрғызу процесін жеңілдетеді, онда жұмыскердің бүкіл еңбек жолы, оның қосалқы жұмыспен қамтылуы туралы деректер жинақталады. Мұнда жеке істерді электронды жүргізу көзделген. Жұмыскер тез жұмыс таба алады, әсіресе жүйе қызметтерді қашықтықтан атқаратын жұмыскерлер үшін ыңғайлы болмақ. Біз еңбекпен қамтылған азаматтардың есебін жүргізуді қалаймыз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек департаментінің директоры Бағлан Жалпошов.

 Жүйе қанша азамат еңбек қатынастармен қамтылған, олар қандай қызмет түрімен айналысады және жұмыс уақытының режимі қандай екенін көруге мүмкіндік береді деп күтілуде. Шартты жүргізбеу үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Бүған қоса, жүйеге деректерді енгізу – жұмыс берушінің ерікті ісі.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аталған мәселе үшінші рет талқыланып жатыр, пікірталас мақсаты – бизнес-қоғамдастықтың аталған реттеушілік механизмнің мақсаттылығы туралы шоғырланған пікірін қалыптастыру.

«Көп сұрақтар туындауда. Мәселен, штаттық кесте, шетелдік компанияларда оны тіпті жүргізбейді. Сонымен қатар біз пилоттық жобаның нәтижесін көргіміз келеді, оған 17 ұйым қатысқан. Әзірге біз қандай ұйымдар қатысты, қандай мәселелерге тап болғанын түсінбей жатырмыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

Айта кетелік, Еңбек кодексінде еңбек кестесі деген түсінік жоқ. Осыған дейін бизнес-қоғамдастық өкілдері қызметкерлердің еңбекақысы туралы деректерді ашпауды сұраған, бұл шара еңбек шартын автоматты түрде жарамсыз етеді.

 «Әзірге біз деректер есебін жүргізуге және жүйенің мінсіздігіне күмәнданып отырмыз, оны ашпауды қалаймыз. Бұл дегеніміз қағаз жүзіндегі шарттар ешқайда кетпейді, оларды бұрынғыша жасайтын боламыз. Жүйені толтыру ерікті түрде жүргізілетінін қолдаймыз. Өйткені құрамында 30 жылдан астам өтілі бар 5 мың адам  жұмыс істейтін кәсіпорынға әр деректерді қолмен енгізіп тексеру қиынға соғады. Бұл жаңа штаттық бірлікті, оған еңбекақы төлеуді талап ететін жұмыс», – деді  «KAZENERGY» қауымдастығы Адами капиталды дамыту департаментінің атқарушы директоры Ләззат Ақмұрзина.

Жиынды қорытындылай келе, Комитет төрағасы Талғат Доскенов бизнес, жалпы алғанда жүйені қолдайды, алайда енгізу процесінде жүйе үнемі жетілдіру алгоритмінің параметрлерін талап ететінін алға тартты.

 «Жүйе жұмыс берушіге түсінікті болып, нақты жұмыс істеуі керек, сонымен қатар қауіпсіз болуы шарт. Біз бизнес қандай мәселелерге тап болғанын білу үшін, пилоттық жобалардағы енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру үшін, әрқайсысына өз ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында есепті жүргізу жүйесін жаппай енгізуде қателіктерді болдыртпау мақсатында пилоттық жоба нәтижелері туралы деректерді көрсетуді сұраймыз», – деп қорытындылады Талғат Доскенов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер