astana-view

Елорда кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына қатысуға шақырады

2019 жылғы 09 Тамыз
- Астана қаласы
5159 просмотров

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқауға қатысуға өтінімдерді Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 2019 жыл 20 тамызға дейін қабылдайды

Аталған байқау Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жыл 23 қаңтардағы №523 қаулысына сәйкес жыл сайын өтеді.

 Байқау мақсаты – шағын кәсіпкерлік субъектілерін әліметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, осы салада оң тәжірибені көрсету және кең тарату.

 Гран-при – байқаудың жоғары марапаты корпоративті және экологиялық жауапкершіліктің қағидаттарын жүзеге асыру жұмысында жоғары нәтижеге жеткен үміткерге беріледі.

 Байқауда екі катеогриядағы атақ беріледі:

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектісі (I, II, III орындар);
  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі (I, II, III орындар).

Комиссия жеңімпаздарды анықтап, келесі аталымдар бойынша байқау лауреаттары атағын беру туралы шешім қабылдайды:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
  • «Үздік ұжымдық шарт»;
  • «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Байқауға қатысу тегін негізде,  байқау лауреаттары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақ берілгеннен соң үш жыл бойы қолдану құқықығын иеленеді.

 Өтінімдер қабылдауы басталғанына байланысты барлық қызығушылық танытқан кәсіпорындарды байқауға белсенді атсалысуға шақырамыз.

 Байқау лауреаты атағын алуға үміткерлер электронды және қағаз жүзіндегі материалдарды рәсімдеп, Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жібереді.

 Анықтама телефоны: 8(71-72)70-32-77, 8(747)666-23-27,   Басқарманың жауапты маманы – Рустам Жандосов.

Өтімді  мында рәсімдеуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер