astana-view

Зейнет жасынан кейін басталған кәсіп

2019 жылғы 09 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
10032 просмотров

Бородулихин ауданы дамыған агроөнеркәсіптік кешенімен танымал

Мұнда көпшілік, ірі фермерліктерден бастап, кішігірім қожалықтарға дейін, ауыр шаруашылығы саласында еңбектенеді. Бірақ бастауыш шаруа қожалықтардың басым бөлігі бизнесті қолдау бағдарламалары туралы біле бермейді.

Бородулихин ауылдық округінде Смағұлов Балжан Дарханұлы тұрады. Жігіт ағасы көп жылдар бойы ІІМ органдарында қызмет еткен. Зейнеткерлікке шыққан соң Балжан Дарханұлы жеке кәсіп бастау бойынша шешім қабылдап – мал шаруашылығын қолға алу мақсатында жеке кәсіпкерлік ашты. Ол кәсіп бастауға несие алуға болатынын білді. 2018 жылы шаруа Бородулихин ауданы бойынша Палата филиалына жүгінді, онда мамандар агроөнеркәсіптік кешеннің басым секторларындағы ауылдық кәсіпкерлікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры туралы ақпарат берді. Қор жүзеге асыратын несие өнімдері ауыл шаруашылығының барлық дерлік саласын қамтиды.

 Балжан Смағұлов барлық құжаттарды рәсімдеуге және өтінімнің мақұлдауына бір ай уақыт жұмсады. Қиындықтар орын алмады, шаруа «Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара, жылқы, ұсақ мал басын, құс пен бал араны өсіруге арналған несиені алды. Несие сомасы 2  млн 900 мың теңгені құрады. Несие мерзімі жылдық 6%-бен 6 жылға берілді.

 «Осы бағдарламамен несие алушы адамның кепілзаты, оң несие тарихы  болуы керек және бюджетке, қаржы институттарына төленетін сомалар бойынша қарыз болмауы тиіс. Сонда несие алуға рұқсат келеді», – деді Б.Смағұлов.

Қаржы көмекті алмай тұрып, Балжан Дарханұлы жеке қаражатына малды жаз және қыс мезгілінде күтіп ұстайға арналған қора салды. Қораға кіргенде шебердің қолы бірден көрінеді. Қораның сыртқы қасбеті тіптен таң қалдырады. Қасбет әдеткі сылақтың орнына бөренелермен қаланған.

2018 жылы 2 млн теңге алған Балжан Смағұлов 10 бас ірі қара сатып алды. Несие сомасынан 20%-ға жем-шөп алынды. Биыл төлдеу 7 басты құрады. Қазіргі таңда ірі қара жайылымда, жас төл Балжан кіші ұлымен ұстап отыр, отбасылық бизнеске отанасы да көмектеседі.

 Отбасы сүт сатып табыс табуда, сүт литрі 75 теңгеге сатылады. Ал жас мал етке сатылады.

 Қаржы институттары ұсынған қаржылай қолдауды ақылмен пайдаланса, жеке бизнесті оңай дамытуға болады. Мысал ретінде Балжан Смағұловты келтіруге болады, бұрын ІІМ қызметкері бүгенде – жеке кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер