astana-view

«Алтын сапа» – табыс кілті

2019 жылғы 09 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5324 просмотров

Маңғыстау облысында «Алтын сапа» сыйлығын алу өңірлік іріктеу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. «Алтын сапаға» қатысуға жергілікті 30 кәсіпорыннан өтінім келіп түсті.

Байқаудың негізгі мақсаттары: отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру; Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу; отандық және халықаралық стандарттар негізінде басқарудың және сапаны қамтамасыз етудің заманауи әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және жәрдемдесу; сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару; халық арасында сапа идеясын насихаттау.

Бұл бәсекеге қатысушылардың бірі – «Каскор-Машзавод» АҚ. 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын мұнай құбырларын, сорғы-компрессорлық құбырларын өндіріп келеді. Өткен жылы 19 мың тонна өнім шығарған.

Сондай-ақ, «Волна» Ақтау кондитер фабрикасы да өз тәттілерін додаға салады. 2018 жылы 487 тн кондитер өнімдерін нарыққа шығарған іргелі кәсіпорын сапалы өнімдері үшін 5 рет алтын жүлдемен марапатталған. Халықаралық деңгейдегі бәсекелестеріне дес бермеген отандық өнімдер Ганновер, Измир, Милан көрмелеріне де қатысты.

«Сенек» ЖШС де қатысушылардың қатарында. Асыл тұқымды жылқы, қаракөл қойларын өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын серіктестік былтыр 12 млн теңгеге жуық табысқа өнім шығарған. Боялған қой жүні мен елтіріден тон, күрте, жеңсіз сырт киім, бас киім, қолғап т.б. тігіп, тоқып келеді. Осы еңбектері түрлі дәрежеде елеусіз де қалмады.

«Маңғыстаудың үздік тауары» аймақтық көрме-байқауының лауреаты, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында 2-ші орын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына белсенді қатысушы,  «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатқа ие.  

Айтулы байқауға ұсынылған кәсіпорынның қаржылық тазалығы, қарыздары мен берешектерінің болмауы толық тексерілді. Байқауға ҚР аумағында сапалы жасалған кез-келген тауар түрлерін өндіруші компаниялар қатыса алады. «Алтын сапаға» 3 жыл нарықта жұмыс істеген, ал «Қазақстанның үздік тауарына» 2 жыл өнім өндірген кәсіпорындар өтініш беріп отыр.

«Алтын сапа» сыйлығын алу байқауында марапаттар шағын кәсіпкерлік субъектісіне, орта кәсіпкерлік субъектісіне және ірі кәсіпкерлік субъектісіне төрт аталым бойынша беріледі:

•   «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
•  «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
•  «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
•  «Азық-түлік тауарлары және /немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын».

Сонымен қатар кәсіпорындарды байқауға қатысуға ынталандыру үшін «Алтын сапа» лауреаттарына 1 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Ал, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында кәсіпкерлер үш аталымда жеңімпаз болады:

•   «Өндірісітік мақсаттағы үздік тауар»;
•   «Халыққа арналған үздік тауар»;
•    «Үздік азық-түлік тауары».

Биыл атаулы байқаудың өңірлік іріктеуі 14 тамызда Ақтау қаласында өтеді.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер