astana-view

Жарнама бизнесі: көп жылдық дау шешімін тапты

2019 жылғы 13 Тамыз
- Қостанай облысы
5464 просмотров

Қостанайлық жарнама компаниялары жергілікті шенеуніктердің заңдарды дұрыс түсіндірмегені салдарынан бірнеше рет қаржылық шығынға ұшырады

 Atameken.kz әр жылдары қала әкімдігінің жарнама құрылымдарын жалдау мерзімін ұзартудан қатаң және негізсіз бас тартқаны, аялдамаларды бизнеске «іліп қоюға» тырысқаны, учаскілерді бөлуге мораторий енгізгені туралы еске салады... Бұл мәселелерді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының көмегімен ғана шешілді.  

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қостанайлық жарнама компанияларынан алғашқы ұжымдық хат 2014 жылы келіп түсті. Бизнесмендер билбордтарға жер телімдерін беруден жаппай бас тарту фактісі алаңдатты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аталған ситуацияны шешу үшін қала әкімдігіне хат жолдады.

«Әкімдіктің хабарлауынша, Қостанайда сыртқы жағдайы заманауи қаланың талаптарына сәйкес келмейтін ескірген жарнамалық конструкциялар бар. Осыған байланысты жер телімдерін байқау негізінде ғана беру бойынша шешім қабылданған», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев.

 Мұндай жауап жарнамашыларды да, Палата заңгерлерін де қанағаттандырған жоқ. Заңгерлер шағыммен облыстық прокуратураға жүгінді. Прокуратура тексеру жүргізіп, заң бұзушылықты алып тастау туралы ұйғарым шығарды. Бірақ бұл да әсер етпеді.

 Бұған қоса, билік өкілдері Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысында арнайы талапты жазып, оған сәйкес кәсіпкерлерді жеке қаражатқа автобус аялдамаларын орнату мен күту қызметін міндеттеп қойды. Нормативтік-құқықтық актінің жобасы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасына сараптамаға келіп түсті, алайда ӨКП ескертпелері назарға алынбады. Қаулы және мароторийді сот арқылы ғана алып тастауға мүмкін болды.

Тура осындай позицияны жергілікті билік өкілдері жер телімдерін жалға алу мерзімін ұзартуда да ұстанды. Қостанайда жер телімдерін жалға бір жылға береді, ал басқа облыстарда бұл мерзім 15 жылды құрайды.  

 «Біз клиенттерімізге ұзақ мерзімді кепілдік бере алмадық. Осының салдарынан ірі тапсырыс берушілерді жоғалтып, шығынға бататынбыз. Әкімдікпен жүргізілген барлық келіссөздер пайда бермейтін. Кәсіпкерлер палатасы бір проблемамызды оң шешкен соң, біз тағы да осында көмекке келдік. Бұл ситуацияны шешу оңай емес екенін түсіндік, бірақ үміт үзбедік. Нәтижесінде Палата сарапшылары әділдікке қол жеткізді, сол үшін алғыс айтамыз» – деді «Репако» жарнама компаниясының директоры Наталья Булатова.

Бұл мәселені шешу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары 2 жыл бойы күресті. Міне 2016 жылы сот кәсіпкерлер пайдасына шешім шығарды. Жер комиссиясының кезекті отырысында жалға беру мерзімі 4 жыл 11 айға ұзартылды.

 Жарнамашылар өзекті мәселелерді Қостанай облысы ӨКП сарапышарымен бірге шешеді. Шағымдар «Жарнама туралы» заңға түзетулер енгізілгенде осы жылы қайта келе бастады. Әзірге барлық өтінімдер келіссөздер арқылы шешілуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер