astana-view

Кәсіпкерлер теміржол кірме жолдары саласында тәртіп орнатуды талап етті

2019 жылғы 15 Тамыз
7205 просмотров

Отандық компаниялар және кірме жолдары иелерінің өзара қарым-қатынастарындағы мәселер «Атамекен» ҚР ҰКП аланыңда талқыланды

Ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мәселені күн тәртібіне кезекті рет шығару кездейсоқ емес: теміржол кірме жолдары қызметін пайдаланатын кәсіпкерлер көп жылдар бойы, олардың пікірінше, көрсетілген қызмет үшін тарифті есептеуде  әділеттілікке қол жеткізе алмай келеді.

Бизнес өкілдерінің басты наразылығы тарифтің жоғарылығына емес (кәсіпкерлердің айтуынша, тариф те тым жоғары) есептеу әдісіне байланысты. Теміржол тораптарының иелері қызмет кұнын вагондар нақты жүріп өткен қашықтыққа емес, жолдың толық ұзындығына есептейді. Нәтижесінде нақты шығындар бірнеше есе көп болып шығады.

«Мәселен, Қазығұрт станциясы жанында вагонымыз келісімшарт бойынша 2 км жүріп өтеді. Тәулік сайынғы отын құю – 400 вагон. Осылайша осы қызмет үшін сома айына 70 млн теңгені құрайды. Әрине, бұл жайт салдарынан тұтынушылар үшін өніміміздің түпкі бағасы өседі», – деді «Petroleum» ЖШС өкілі Данияр Сейтенов.

Бірнеше жыл бойы кәсіпкер кірме жол иелерін үлгілік келісімшарттың шарттарын қайта қарауды сұраған, монополияға қарсы органдарға, соттарға шағымданған. Ақмола облысында осыған қатысты іс Жоғарғы Сотқа дейін жеткен болатын. Бірақ келісімшарттың шарттарын қайта қарау жүргізілген жоқ.  

Теміржол тораптарының иелері жолдарды күту – шығынды іс және тарифтер осы шығындарды зорға жабады деп бірнеше рет айтқан болатын. Осы ретте бизнес өкілдері теміржолдың қажетті бөліктерін сатып алуға және өз бетінше қызмет көрсетуге дайын, бірақ олар мұндай мүмкіндікті ала алмай отыр.

«Арман Қала» компаниясы жол торабы иесі – «Көліктік сервис орталығы» АҚ-тан жол торабын сатып алып, оған өз тарифын белгілеп қойды. Егер объект сатылып жатса, онда  «Көліктік сервис орталығы» АҚ жолды пайдаланушылардың өзіне, яғни бізге сатып алуды неге ұсынбайды? Оның үстіне жолдың осы бөлігін біз ғана пайдаланамыз, әрі сатып алу бағасын тиімді ұсынар едік», – деді «Богатырь Көмір» ЖШС Құқықтық басқарудың бастығы Александр Янченков.

 Биыл «Атамекен» аталған мәселені кірме жол бойынша қозғалмалы составтың нақты жүріп өткен қашықтығына ғана тарифті есептеу бастамасымен Үкімет деңгейіне шығарды. Бірақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті нәтижесінде үлгілік шарттарда есептеудің жаңа әдісін қабылдамады. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Бақылау және талап-арыз жұмысы басқармасының жетекшісі Ерлан Әлжанның пікірінше, мұндай шара «егжей-тегжейлі талдауды талап етеді».

 «Бұл кірме жолдары иелері мен бизнестің арасындағы азаматтық-құқықтық қатынас», – деп хабарлады Ерлан Әлжан.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт бұл мәлімдемемен келіспеді және пайдаланушылар үшін кірме жол қызметін таңдаудың жоқтығына назар аудартты.

 «Бизнестің монополиспен келіссөзінде басынан-ақ шарттары тең емес. Өйткені егер кәсіпкер шарт жасамаса, онда оған вагон келмейді, ал одан басқа балама жол жоқ. Осылайша, келісімшарт жасаудан бас тартқан кәсіпкерлерге кірме жолдармен жүруде белгілі бір кедергілер жасалады. Одан шығатын қорытынды – монополистің шарттары негізінде келісімшарт жасау. Үлгілік шартқа түзету енгізу мәселесі көп жылдар бойы көтеріліп келеді. Ары қарай созбай, осы мәселе бойынша түбегейлі шешім қабылдайық», – деді Евгений Больгерт.

 Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігінен 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін кірме жолдарын пайдаланушылардың мүдделерін ескере отырып, реттелетін қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы министрлікке қарасты бөлімнің бұйрығына өзгерістер енгізуді талап етті.

Сонымен қатар бизнес субъектілері кірме жолдарының ұсату мәселесін көтерді.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асан Дарбаев ағымдағы айдың соңына дейін аталған мәселелерді қарауға, сонымен қатар ҚР ҰЭМ жанындағы кірме жолдардың реттелетін қызметтері саласында Жұмыс тобының жұмысын белсендіруге атсалысуға дайын екенін жеткізді.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер