astana-view

ҚР Президенті Кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай терезесін құруды тапсырды

2019 жылғы 26 Тамыз
5626 просмотров

Қарағанды облысына барған сапары барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау шараларын алуда мәселелерге тап болатынын атап өтті

«Индустриялау жылдары ішінде заңнамалық және функционалды негіз қалыптасты, Кәсіпкерлік кодексі қабылданды, даму институттары жұмыс істейді. Бірақ қолдау құралдарының тиімділігі мәселесі әлі де ашық қалып отыр. Жүргізілген талдау қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын түбегейлі қайта қарауды, қарымта міндеттемелерді көздей отырып, бизнес сұранысына сай анағұрлым тиімді шараларды ұсыну қажет екенін көрсетті. Сондықтан, мен келесі мәселелер – мемлекеттік қолдау шаралары есебі және трекингінің болмауына назар аударамын, соның салдарынан микроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу екіталай», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бизнес тарапынан қарымта міндеттемелердің болмауы бюджеттік қаражаттың бағытын тиімді бағалауға мүмкіндік бермей отыр, ал мемлекеттік бағдарламалар бұрынғы салалар: ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған. Бұл жайт бір кәсіпорынға түрлі бағдарламалар бойынша қолдау алуға мүмкіндік берсе, жекелеген компаниялар қолдауды мүлде алмайды.

«Сонымен қатар өңірлер ерекшелігін есепке алуды бастау керек. Рационалды бағамдауды қолға алу қажет, онда қолдаудың басым шаралары анықталып, мақсатты индикаторлар белгіленуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

 Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаражаттардың мезгілсіз берілуіне назар аударды, соның салдарынан мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмендеп, уақтылы емес игеру орын алады. Атап айтқанда, бұл ауыл шаруашылығы және құрылыс сынды бизнестің маусымдық салаларына теріс әсер етеді.

«Екінші деңгейлі банктермен тиімсіз өзара әрекеттесуінде мәселелер бар. Мемлекеттік даму институттарының қиындатылған және көп жағдайда кесіп-пішілген міндеттемелері салдарынан банктер мемлекеттік құралдармен, әсіресе кепілдіктермен жұмыс істеуге  асықпайды. Бұдан бөлек, әдетте банктер де жасанды қағазбастылық пен кедергілерді жасайды. Кәсіпкерге қазіргі таңда бизнесті қолдау инфрақұрылымында бағдарлану өте қиын. Түрлі шараларды 42 ұйым көрсетеді. Бұл орталық органдар, әкімдіктер, «Атамекен», ұлттық компаниялар; осы компаниялардың әрқайсысы мемлекеттік қызметтерді көрсетуде өз бизнес-процестерін, жұмыстың жеке регламенттерін белгілейді, соның нәтижесі кәсіпкерлерге үлкен қиындықтар әкеледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шаралардың бір бөлігі ауыл кәсіпкерлеріне жетпейтінін атап өтті.

 Мемлекет басшысы қолданыстағы ресурстарды өнеркәсіптің негізгі салаларын дамытуға жұмылдыру қажеттігін атап өтті. Мәселені бір терезе қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа форматын енгізу арқылы шешуге болады.

 «Үкіметке индустриялаудың бес жылдығына қатысты материалды дайындау кезінде сөз сөйлегендердің ескертпелерін назарға алған жөн. Мемлекетіміздің басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді және азаматтардың әл-ауқатын жоғарылауын қамтамасыз ету. Мемлекеттің индустриялық-инновациялық әлеуетін ауқымды дамыту – негізгі фактор. Менің принципшіл ұстанымым сіздерге белгілі және осы жиын соның растауы болмақ. Біз өндірушілерімізді жан-жақты қолдайтын боламыз», – деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер