astana-view

Отандық өндірушілердің техникалық реттеу мәселесі Жол картасы шеңберінде шешіледі

2019 жылғы 27 Тамыз
4717 просмотров

ЕАЭО шекаралы нарықтарында тауарларды стандарттау мен сертификаттау «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті арасында қол қойылған Жол картаның негізгі пунктеріне айналды

«Өнеркәсіп және бизнеске техникалық реттеу мәселелерінің  маңыздылығын түсіне отырып, біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2019-2020 жылдарға техникалық реттеу жүйесін  жетілдіру бойынша әрекет ету жоспарын белгіледік. Жол картасы стандарттау, сонымен қатар мемлекеттік бақылау және сәйкес келу бағалауын қамтиды. Осы элементтердің барлығы бүгінде сапалы және қауіпсіз өнімді шығаруға ықпал етеді», – деді құжатқа қол қою барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев.

 Оның айтуынша, Жол картаның барлық негізгі бағыттары кез келген мәселе бойынша жедел кері байланыс алу үшін өндірушілермен кәсіпорында талқыланатын болады.

Сонымен қатар қол қойылған құжат шеңберінде зертханалық база және сертификаттауды дамыту жоспарланған, бұл ЕАЭО нарықтарындағы өндірушілер арасындағы жоғары бәсекелестікті ескерсек, қазақстандық тауарлар үшін артықшылық болмақ.

«Бізде зертханалық базаның, сонымен қатар сәйкес келу бағасы жүйесінің дамуы үшін жұмыс істеудеміз, өйткені өндірушілеріміз сертификатты тану мәселелеріне тап болуда. Атап айтқанда Ресей Федерациясында жүргізілген зерттеулер сапасына күмәнмн қарайды. Алайда, ЕАЭО шеңберінде 5 мемлекет территориясында танылуы тиіс бірыңғай құжат принципі жұмыс істейді»,– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.

Сонымен қатар басымдықтардың бірі – «Атамекен» және Техникалық реттеу комитетінің ішкі нарықты жосықсыз қатысушылардан қорғау, сонымен қатар біліктілікті арттыру және сапа инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау бойынша бірлескен жұмысы болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер