astana-view

«Қазақстан құрылысшыларының одағы» өзін-өзі реттейтін ұйымға көшудің артықшылықтары туралы айтты

2019 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4787 просмотров

Алматыда «Kazbuild 2019» 26-шы Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі аясында «Қазақстан құрылысшылар одағы» құрылыс материалдары мен қызметтерін жеткізушілердің форумы өтті.

Іс-шарада құрылыс саласының өзекті мәселелері көтерілді. Форумның негізгі бағыты өзін-өзі реттеу ұйымын енгізу болып табылады, оған сәйкес ұйымның барлық мүшелері ерікті негізде кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет салаларында мемлекеттік реттеумен қатар әрекет етеді, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне қойылатын талаптарды ҚР заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары белгілейді. Өзін өзі реттейтін қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті мүшелікке негізделеді.

«ҚР аудиторлар палатасы» АҚ, сондай-ақ сараптамалық ұйымдардың Палаталары өз тәжірибесімен бөлісті, олар өз кезегінде өзін-өзі реттеу ұйымына көшудің негізгі артықшылықтарын атап өтті, бұл құрылыс саласы нарығының өнім сапасын арттыруға, құрылыс ұйымдары мен жұмыс мамандарының жауапкершілігін күшейтуге, құрылыс нарығынан кәсіби емес және бәсекеге қабілетсіз қатысушыларды шеттетуге, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайтуға және құрылыс жобаларын іске асыру кезінде артық рәсімдерді қысқартуға мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай стандарттардың жұмыс істеуіне қол жеткіздік.  Сондай-ақ біз бүкіл әлем бойынша қабылданған осы стандарттарды өз тәжірибемізде пайдаланамыз және оларды қазақ тіліне аударамыз. Сонымен қатар, біз оларды ТМД елдері үшін орыс тіліне аударамыз. Бізде қатаң бақылауды жүзеге асыратын сапаны бақылау жөніндегі комитеттер бар. Біз жақын арада заңнамаға түзетулер енгіземіз және жүйе өзгереді деп үміттенеміз. Біз барлық жерде жетекші елдердің тәжірибесін пайдаланамыз. Сондықтан, аудиторлар палатасындағы сапаны бақылауға қатысты ол өте қатаң және халықаралық ұйымды мойындау бойынша 20 үздік ұйымның қатарына кіреді», – деп атап өтті «ҚР Аудиторлар палатасы» АҚ кеңесінің төрағасы Сапар Қошқымбаев.

Білім беру саласына өзін-өзі реттейтін ұйымдар енгізу мәселесі маңызды болып отыр. Қазіргі таңда білікті мамандарды дайындау және одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі өткір болуда.

«Жоғары білім артта қалған жоқ, бүгінгі таңда ол өте жылдам реформалануда. Мәселе мынада, жастардың қазіргі еңбекақысы оларды қанағаттандырмауда және бүгінгі күні құрылыс саласының ұйымдарын талап ететін жағдайдалар да бар», – деді Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Александр Дубинин.

«Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ тұрақты жұмыс орындары бөлімінің басшысы Фархад Сапаров құрылыс нарығының шынайылығы, қажеттіліктері мен проблемалары туралы айтып берді. Оның айтуынша, Алматының құрылыс нарығы ізденушілерді жұмысқа орналастыруда қиындықтарға тап болып отыр.

«Біз жұмыс берушілер мен ізденушілер тікелей ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Осы жағдайды шешу үшін үнемі бағдарламалар әзірлейміз. Қазіргі уақытта қалада құрылыс саласына 70 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Көптеген адамдар әр түрлі жұмыстарға баруға келіседі, сұрақ олардың біліктілігінде тұр. Бізде одан әрі жұмысқа орналастыру арқылы кәсіптік оқыту бағдарламалары бар. Оларды оқыту 3 ай созылады және оқу ақысы республикалық бюджет есебінен төленеді», – деді ол.

Барлық құрылысшылардың мүдделерін біріктіру негізінде ашық диалогқа және бірыңғай шоғырландырылған шешім қабылдауға құрылыс саласының барлық субъектілерін «Қазақстан құрылысшыларының Одағы» РЗТБ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Талғат Ерғалиев шақырады.

«Бүгінде нарыққа кейбір мемлекеттік функцияларды беру қажет. Нарықты қоғамдық бірлестік базасында өзін-өзі реттеуші ұйым басқара алады және құрылыс саласының өзекті мәселелерін өздері шеше алады. Бұл жағдайда біз өзін-өзі реттейтін ұйымдарға ерікті мүшелікті қарастырамыз және әрбір ұйым өз дамуына мүдделі деп есептейміз», – деді ол.

Қазақстанның құрылысшылар одағы қазіргі уақытта ҚР бойынша одақтың 500-ден астам мүшесін құрайды. Қысқа уақыт ішінде Қазақстанның бірқатар аймақтарында құрылыс бизнесінің өкілдерімен 50-ге жуық кездесу өткізілді. Біз үнемі оқиғалардан хабардармыз, өңірлердегі құрылыс салаларымен кездесу сәттерінде орын алған мәселелерді сол жерде шешуге және жергілікті жерлердегі болған оқиғаларды шешу жолдарын табу қалыптасқан жағдай.

Форумда салтанатты бөлім орын алып, «Республикалық құрылыс сыйлығымен» марапаттау мүсінінің дизайнын жасау байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті. Ол жергілікті тұрғын, мамандығы бойынша дизайнер Ғабит Шерипбаев болды. Бұл сыйлық жақын арада ҚР аумағында алғаш рет өтеді. Сыйлықты «Қазақстан құрылысшыларының Одағы» РЗТБ ұйымдастырды.

Іс-шара соңында шараға қатысушылар үшін, сондай-ақ БАҚ үшін «KazBuild 2019» көрмесі бойынша тур өтті.

 «Қазақстан құрылысшылары одағының» баспасөз қызметі

моб.т: (WhatsApp+Telegram) +7-775-327-93-58.

E-mail: press@sskaz.kz

www.sskaz.kz

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер