astana-view

Теміржол көлігі туралы заңға өзгерістер бизнеске қандай тәуекелдер әкеледі?

2019 жылғы 12 Қыркүйек
7263 просмотров

Жолаушылар тасымалын субсидиялау механизмінің өзгерту мәселелері Ұлттық палата алаңында талқыланды

Осыған дейін Ұлтттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің көліктік шығындарын азайту бойынша негізгі шара ретінде жүк тасымалдары нарығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту қажеттілігі туралы мәселе көтерген болатын.  Аталған жұмыс шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалын субсидиялау тәсілдерін қайта қарау туралы мәселе көтерді, бұл болашақ заң жобасының негізі болмақ.

 Осы ретте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшесі Евгений Больгерт тарифтік реттеу мәселелері бизнес үшін қашанда өзекті және барлық мүдделі тараптармен талқылауды қажет ететін мәселелер екенін атап өтті.

«Ұлттық палата жаз айлары басында бәсекелестікті арттыру және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде тарифтік саясатты қайта қарау мақсатында теміржол тасымалдары нарығын реттеуді қайта қарау мәселесін бастамалаған болатын. Бірақ, өкінішке қарай, Министрлік   өздігінше түзетулер блогын әзірледі, жаңашылдықтар бизнеспен талқыланбады. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде ұсынылып отырған реформаны кең талқылау бойынша бастаманы қолға алуға мәжбүрміз», – деді Евгениі Больгерт.

 Өзгерістер жобасының негізгі тұстарын «ҚТЖ-жүк тасымалдары» АҚ қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Асқар Мақсұтов таныстырды, оның айтуынша, ұсынылған түзетулер уақытша сипатқа ие және кәсіпкерлер қызметіне әсер етпейді.

«Бүгінгі локомотивтік тартуға тариф бекітілген тарифтен 3 есе төмен.  Барлық жүк жөнелтушілер есебінен ҚТЖ басқарып жүрген айқасқан субсидиялаудың жыл сайынғы сомасы 136 млрд теңге, мемлекеттік бюджеттен жолаушылар тасымалы шамамен 30 млрд теңге жыл сайын алады. Біз «Жолаушылар локомотивтері» акционерлік қоғамын құруды ұсынамыз. Осындай компанияны ірі жүк жөнелтушілер тарапынан ҚТЖ тарифтерінің ашық еместігі туралы жиі шағымдарына байланысты құру бойынша шешім қабылданды. Тұжырымдама 1 жылға есептелген. Жүк жөнелтушілерге түсетін ауыртпалық өзгермейді, айқасқан субсидиялау қалады, бірақ біз бүгінде жасырын жұмыстарымызды ресми еткіміз келеді», – деді Асқар Мақсұтов.

  Алайда мұндай өзгерістермен бизнес өкілдері келіспейді. Олардың пікірінше, магистарльді теміржол желілері және жолаушылар тасымалдарына арналған локомотив күші бойынша қызметтер мөлшерлемесін жойып, оның орнына осы бағыттар бойынша барлық субсидияларды шоғырландыруға қатысты мемлекет ұсынып отырған өзгерістер ҚТЖ-да жүк жөнелтушілерге жүктемені арттырады және жүк тасымалдаушылар арасындағы бәсекелестікті шектейді.

 «Әзірленген құжат жеке тасымалдаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз етуде нормаларды қарастырамйды. Негізінде жеке жүк тасымалдаушыларға жолаушылар тасымалын субсидиялауға өз үлестерін қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде механизм жазылмаған. Бірақ магистральді теміржол желілеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушы субсидиялауда әлеуметтік ауыртпалықты орындауы тиіс екені анық жазылған. Осылайша, жетілдірілмеген механизм ертеңгі күні жеке тасымалдаушылардың жұмысын тоқтатады», – деді «ТТТ Сервис» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі Тимур Қарабаев.

 Ұсынылып отырған жаңашылдықтардан тәуекелдер бойынша алаңдауышылықты жер қойнауын пайдаланушылар да білдіріп отыр: «Тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Максим Кононовтың айтуынша, схема ашық, алайда нарықтық емес болып шықты.  

 «Біз бәсекелестікке, оның дамуына бағытталған қадамдарды көрмей отырмыз. Тұжырымдама бірінші қадамға қарамастан, кешенді болуы керек және жеке тасымалдаушыларға рұқсат беру бойынша алғышарттардан тұруы керек. ҚТЖ заң тұлғасын құруды ұсынады, оның іс-әрекетінде ешқандай шектеу болмайды. Демек, шығындар бағаланбайды, тіпті осы заңды тұлға тиімсіз немесе шығынға жұмыс істесе де бақылау жүрмейді», – деді Максим Кононов.

Еуразия өнеркәсіп қауымдастығының вице-президенті Елена Попандопуло пікірінше, барлық бағыттар бойынша магистарль теміржолдары желілеріне мөлшерлемені алып тастау айқас субсидиялау легиматциясына ғана емес, оның тереңдеуіне әкеп соғады, бұл жайт жүк жөнелтушілер тарифтеріне теріс әсер бермей қоймайды.

«Бүгінде жүк тасымалдарын жолаушылар тасымалы субсидиялайтынымен келісеміз. Бірақ қолданыстағы заңнама шеңберінде жолаушылар тасымалы да магистарльді теміржол желілеріне қатысты белгілі бір шығандарды алып жүргенін мойындау керек. Олар ҚТЖ-ның барлық шығындарын жаппайтын шығар, бірақ бір бөлігін өтейді. Сәйкесінше, жолаушы тасымалдаушыларына, соның ішінде коммерциялық бағыттарда магистральді теміржол желілері қызметін алып тастау ұсынылған кезде, ҚТЖ – компания алып отырған табыстан да бас тартуды ұсынып отыр. Демек, біз енді барлық жолаушы тасымалдарын қолдап қана қоймай, сонымен қатар нөлдік тариф есебінен артық төлейтін боламыз. Осы ретте жолаушылар тасымалының міндеттемелері тұжырымдамаға енгізілмеген, билеттерге тариф төмен болатынына ешқандай кепілдік жоқ. Жолаушылар тасымалына әсер ететін құралдар қажет», – деп ұсынды  Елена Попандопуло.

   Жиын қорытындысы бойынша ҰКП Басқарма мүшесі Евгениі Больгерттің «Атамекен» алаңында бизнес білдірген ескертепелерді қарау бойынша ұсынысы қолдау тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер