astana-view

Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік энергетика апталығын өткізу құқығын иеленді

2019 жылғы 12 Қыркүйек
5075 просмотров

Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің атқарушы Ассамблеясының (World Energy Council)  отырысы өтті

Іс-шараға Дүниежүзілік энергетикалық кеңес жанындағы Ұлттық комитет атынан KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов қатысты.

Отырыс барысында 2021 жылы Дүниежүзілік энергетика апталығын (World Energy Week) өткізу құқығын алуға таныстырылымдар өтті. Жүргізілген электронды дауыс беру қорытындысы бойынша Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдады.

KAZENERGY KAZAKHSTAN WEEK / XII KAZENERGY-дың Еуразиялық форумы биыл тұңғыш рет халықаралық қауымдастықтың үлкен назарын аударатын кең ауқымды күн тәртібімен ерекшеленді, оған халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық орын алды.

 2021 жылы World Energy Week және KAZENERGY KAZAKHSTAN WEEK / XII KAZENERGY-дың Еуразиялық форумы Нұр-Сұлтан қаласында бір алаңда өткізіледі деп жоспарланған. Осындай іс-шара ортақ мақсаттарды біріктіріп, әлемдік энергетиканың ары қарай дамуында жаңа механизмдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Кең ауқымды бағдарлама шеңберінде Әлемдік энергетика көшбасшыларының саммиті (World Energy Leaders’ Summit), Энергетикалық ауысу жөнінде саммит (Energy Transition Summit), Энергетиканың болашақ көшбасшылары саммиті (Energy Transition Summit),  Қазақстан Республикасыынң Энергетика күні және басқа да айтулы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шараларға салалық министрліктердің басшылары, ірі халықаралық ұйымдардың және мұнай-газ корпорацияларының басшылары, ғаламдық ғылыми орталықтардың өкілдері, сондай-ақ энергетика және қаржы саласындағы беделді сарапшыларды қоса алғанда  бүкіл энергетикалық спектр бойынша 350 маман қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер