astana-view

Сіздерді «Қазақстанның үздік тауары-2019» республикалық көрме-байқауына шақырамыз

2019 жылғы 16 Қыркүйек
3170 просмотров

11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

Биыл көрмеге өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен 153 компания қатысады.

Отандық өндірушілер өнімі үш аталымда таныстырылады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • Халыққа арналған үздік тауарлар;
  • Үздік азық-түлік тауарлары».

Қонақтарға отандық өндірістің  келесі өнімдері ұсынылады:

  • нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер;
  • сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер;
  • текстиль және киім-кешек;
  • құрылыс материалдары;
  • медициналық өнімдер;
  • корпусты жиһаз және т.б.

Қонақтар байқауға қатысушылар ұсынған тауарларды өндіруші бағасымен сатып ала алады. Қатысушылар және қонақтарға арнап шеберлік сабақтар, семинарлар және жүлделер ұтысы ұйымдастырылған.

 Көрме мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған қызметін белсенділендіру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселелерін шешу және халық арасында сапа идеясын насихаттауға жұмылдыру.

 Сондай-ақ, көрмемен қатар «Ұлы дала елі» қолөнер шеберлерінің форумы өтеді.

 Көрме сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүреді. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 3, «Көрме» орталығы.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер