astana-view

Kaznex Invest Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп басқарылады

2014 жылғы 10 Сәуір
9002 просмотров

Kaznex Invest ҰКП мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп басқарылады. Бұл туралы «Қазақстандықты жасаймыз» V форумының алқалы отырысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.

«Қазіргі таңда инвесторларды тарту мәселесі бар екені белгілі, бұл жерде де біз өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Біздің барлық мемлекеттермен қарым-қатынасымыз жақсы. Кез келген мәселе бойынша қолдау көрсетуге, келіссөздер өткізуге дайынбыз», - деп атап өтті ол.

«Қазіргі таңда іс жүзінде 1 шілдеден бастап Kaznex Invest біздің палатамызбен және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп басқарылады, акцияның 50 % сенім басқармасына өтеді деп келістік. Kaznex Invest-тің Сіздердің сауалдарыңызға нақты бағытталуы үшін біз менеджмент құруға да көмектесеміз. Яғни қандай мемлекетке барып, серіктестерді қайдан іздеу керек, өткізу нарығын қайдан іздеу керек, осы мәселелерді мойнымызға аламыз», - деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер