astana-view

Салық кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылды

2019 жылғы 17 Қыркүйек
11657 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне бірқатар өзгертулерді енгізуді ұсынды

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіруге қатысты Салық кодексіне өзгерістерді таныстырды.

Атап айтқанда, жеке тұлғалар мүлігі және жеріне салықтарды реформалау ұсынылуда. Министрліктің деректері бойынша жүргізілген талдау салық төлеушілердің жалпы санының 60%-ы 1000 теңгеге дейінгі немесе төлемдердің жалпы санының 4,6%-ын төлейді.

Осы ретте мемлекет, сондай-ақ салық төлеушілерді әкімшіліктендірудің шығындары үлкен. Осыған байланысты министрлік жеке тұлғалардың мүлікке және жер салықтарын салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемелер, есептеу және төлем тәртібі) өзгертпей біріктіруді ұсынып отыр. Жер телімдері және мүлік бойынша салық өз тәртібінде жекелей есептеледі, ал салық төлеушіге төлемдер түбіртегі бір сомамен келеді. 

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі көпқабатты тұрғын үй иелеріне салынатын жер салығын алып тастауды ұсынды, өйткені бұл салықтың болмашы сомасымен сондай-ақ, объектілердің үлкен ауқымы және есептеу қиындығына қарай әкімшілік шығындардың көптігіне байланысты, дейді ведомствода.

Келесі өзгерістер қолма-қол төлемдерді шектеуге қатысты. 1000 АЕК-тан асатын, қолма-қол төленетін корпоративтік табыс салығынан шегерім жасауға тыйым салу. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осыған ұқсас норма ҚҚС бойынша жұмыс істейді: тауар, жұмыс, қызметті алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС сомасы төлеуге жатпайды, ҚҚС есебімен қолма-қол ақшамен төленген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ҚҚС сомасы төлеуге жатпайды, 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын ҚҚС сомасы есептеуге алынбайды.  

 Бұдан бөлек, электронды қызметтерге ҚҚС төлеу қарастыруға шығарылды. Министрлікте атап өткендей, Қазақстанда сатып алушыларға қызметтерді электронды формада көрсететін шетелдік компаниялар салық төлемейді, ал РФ және Беларусьте электронды формадағы қызметтерге ҚҚС салығы салынады.

 Осыған байланысты электронды формадағы қызметтерге ҚҚС белгілеу (Google-ға салық) ұсынылуда. Салықты сатушыға қызмет көрсететін шетелдік компания төлейтін болады. Инвестициялық салықтық жеңілдіктер бөлімінде инвестициялық салық несиесін енгізу қарастырылуда. Шара жаңа инвестицияларды тарту, сонымен қатара жаңа өндірістер дамуын ынталандыруға бағытталған. Атап айтқанда, несие корпоративті табыс салығы және мүлік салығы бойынша үш жылға беріледі.  

 Несие пайызсыз болады, бірақ инвестициялық бағдарлама шарттары орындалмаса, өсімпұл тағайындалады. Сондай-ақ, жер асты суларын өндіруге арналған келісімшарттарға инвестициялық салық преференцияларын кеңейту ұсынылады. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша қызметі жүзеге асырумен байланысты активтер бойынша салықтық инвестиицялық жеңілдіктерді пайдалануға тыйым салынған. Атап айтқанда, инвестициялық салық преференциялары артықшылық беру объектілерінің құны және (немесе) қайта құру, модернизациялау бойынша кейінгі шығыстар шегерімге жатқызылады.

 Жүк және жолаушылар транзиті қолдау саласында Автомобиль жолаушылар мен багажды тұрақты түрде тасымалдау кезінде ҚҚС төлеуден үш жылға босату, жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырғанда нөлдік мөлшерлеме, әуе көлігіне жанармай құюда ҚҚС бойынша нөлдік мөлшерлеме талқылауға шығарылмақ.

Өндірісті дамыту үшін дилерлердің отандық өндірістегі көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізуін ҚҚС-тан босату;  өндіріс және қайта өңдеу; мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау; қант қызылшасынан қант өндіру; кондитер өнімдерін өндіру, ашытқы өндіруге жеңілдікпен салық салу (ҚҚС – 70%); экспортқа шығарылатын сыраға акциз бойынша салық базасын түзеу қарастырылған.

 Сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ үлгісінде  бір арнайы экономикалық аймақ қатысушылары арасында айналымды жүзеге асыру бойынша ҚҚС-ты алып тастау, шикізат импорты және (немесе) көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларының компоненттерін өндіруге арналған материалдар, сондай-ақ автомобильдер мен ауылшаруашылық техникаларының бөлшектерін түпкі өндірушіге және қайталама нарықта сатуды ҚҚС-тан босату ұсынылуда.

 Жер қойнауын пайдалану саласында уран саласында тотықтандыруға  күкірт қышқылын есептеу әдісін сәйкестендіру; көмірсүтекпен қатар өндірілген жер асты суларын утилизациялау кезінде пайдалы қазбаларға салықты төлеуден босату;  жер қойнауын пайдалануға лицензияларға жазбалы бонус мөлшерлемесін қайта қарау ұсынылды.

 Қаржы секторында ипотекалық ұйымдар қарыз алушының қарызын кешіру кезінде корпоративті табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер;  пай және пайлық инвестиялық қорларды жүзеге асырула өсім құнынан кірісті жеке табыс салығынан босату; төлемдерді сақтандыру қорын ұлғайтуға жіберген кезде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру үшін Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының инвестициялық кірісіне салық салудан босату талқылауға ұсынылады.          Азаматтық-құқықты сипаттағы келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеуде міндетті зейнетақылық жарналар сомалары алынып тасталмайды. Есептеуді жүргізу тәртібін нақтылау ұсынылды.

 Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі фирмалық киім құнын жеке тұлғаның кірісі ретінде мойындамау; жұмыс берушінің қызметкерлерді жұмыс орнына және кері жеткізуге байланысты  жеке тұлғаның шығындарын мойындамау жағдайда қызметтерді көрсетуге келісімшарт жасасу шарттарын алып тастауды қарастыруда. Демеушілік және қайырымдылық көмек  (гранттарға ұқсас) қаражаты есебінен жеке табыс салығы төлемдерінен босату.  Жоғарғы соттың түзетулері талап ету құқығын басқаға беру туралы келісім негізінде талап ету құқығын оларға беру кезінде соттарда мемлекеттік баж салығы бар сақтандырушылар мен сақтандырушыларға салық салуға; сот орындаушының іс-әрекетіне шағымдарына мемлекеттік баж салығын салуға қатысты.

 Сондай-ақ, соттарда мемлекеттік баж салығы мөлшерінің төменгі шектерін белгілеу және некені бұзу туралы арыздар бойынша мөшерлемені ұлғайту (балалардың тұруын есептеумен бөлу), мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша –  10 есе, банкрот деп тану талаптары бойынша – 20 есе ұлғайту қарастырылған.

 Мемлекеттік қызметтер және міндеттемелерді орындау

Презентация: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рсепубликасы Заңының жобасы

Презентация: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Дереккөз:inbusiness.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер