astana-view

ШҚО-да жайылымдық жерлері бар шаруашылықтарға арналған тегін семинар өтті

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
5287 просмотров

20 қыркүйекте ШҚО кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан мал шаруашылығы шаруа қожалықтарына арнап «ҚР Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану бойынша жұмыс бағыты» тақырыбында тегін оқу семинарын өткізді

Іс-шара ШҚО Аякөз ауданы «Бексұлтан» шаруа қожалығы базасында «Атамекен» біліктілік орталығы тапсырысы бойынша «Білім және ғылыми зерттеулердің қол жетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, «Агроөнеркәсіп кешені субъектілірені ақпараттық қамтамасыз ету» қосалқы бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өтті. Оған ЖШС, ЖК, ӘКК, шаруа және фермерліктердің 30-ға жуық өкілі қатысты.

Ауыр шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Нұргұл Мелдебекова  елдімекендер жанындағы жайылым жерлерін халық қажеттілігіне пайдалану туралы ақпарат берді, кәсіпкерлерге жайылым ресурстарын басқару және жайылымдарды пайдалану жоспарын құру бойынша ұсыныстар беріп, жайылым ресурстарын GIS-технологияларын қолдана отырып орнықты басқару мүмкіндіктерін ұсынды. Ауыр шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Күлбахира Жақыпова малды нәрлі көректендіру үшін көпжылдық шөптердің маңыздылығы мен оларды бөлу туралы айтты.

 Семинардың практикалық бөлімі барысында қатысушыларға шаруашылықта жем-шөп базасын тиімді пайдалану бойынша шеберлік сабағы өтті.

 «Кәсіпкерлер бос жер телімдер туралы ақпаратты қайдан алуға болады, дұрыс ақпаратты қандай сайтта бар, байқауға қатысу және жердің жеке мүлікке алу жолдарын сұрады», – деді ҰКП Аякөз ауданы бойынша филиалдың кеңесшісі Базартай Төртенов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер